• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:21:21
Алматы
+35°

13 Шілде, 2017 NEWS

Азия чемпионатының алғашқы чемпиондары анықталды

Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде каратэ-додан құрлық біріншілігі өтіп жатыр. ЕХРО-2017 халықаралық көрме аясында ұйымдастырылған чемпионатқа...

Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде каратэ-додан құрлық біріншілігі өтіп жатыр. ЕХРО-2017 халықаралық көрме аясында ұйымдастырылған чемпионатқа Азияның 27 елінен 700-ге тарта спортшы келіпті. Алдымен жасөспірімдер мен кадеттер кезек алды. Олар жарыстың екінші күнінде бірнеше салмақ дәрежесі бойынша чемпиондарды анықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. Қазақ елі үміт артқан Салауат Бекарыс 57 келілік салмақта қола жүлдегер атанса, 54 келіде өнер көрсеткен Амангүл Дүйсенбай да үшінші орын иеленді.

Ал Марат Азамат пен София Галимжанова финалда өнер көрсетті. Қазір каратэ-доның даңқы шығып тұр. Өйткені шығыс жекпе-жегінің осы бір түрі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. 2020 жылы Токио татамиінде тұңғыш чемпион марапатталады. Ал кешелі бері өз өнерлерін паш еткен кадеттер Буэнос-Айресте байрағы көтерілетін жасөспірімдер олимпиадасына ұпай жинауда.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір