• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:14:13
+35°

26 Сәуір, 2018 NEWS

Әзірбайжан антологиясының таныстырылымы өтті

Салтанатты рәсімге қандас ақындар Екбер Гошалы, Ильгар Түркоглы, Иылмаз Окуглы келіп қатысты.

Бүгін Астанада үшінші мәрте өтіп жатқан Еуразия халықаралық кітап көрмесінде «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен «Жаңа заман Әзірбайжан поэзиясының антологиясы» атты кітаптың тұсауы кесілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Салтанатты рәсімге қандас ақындар Екбер Гошалы, Ильгар Түркоглы, Иылмаз Окуглы келіп қатысты.
Жиынды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулет және Әзербайжанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамедов ашып берді.

Астана тұсаукесер

Әзірбайжан шайырларының тәржімаланған жырларын Оңайгүл Тұржан, Мирас Асан, Жанат Жаңқаш, Олжас Қасым, Айзада Рахымжанова, Рауан Қабидолдин сынды ақындар оқыды.  Жарық көріп отырған антологияға 40-тан астам қандас ақындардың өлеңдері енген.

Астана тұсаукесер

Игі шараға  Дәулеткерей Кәпұлы, Танагөз Толқынқызы бастаған ақындар мұрындық болды. Айта кетейік, былтыр "Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы" деген атпен қазақ ақындарының өлеңдері әзірбайжан тілінде шығып, аталмыш жинақтың тұсауы Бакуде кесілген болатын.       

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір