Ажалға аяқ басқандарды аман алып қалған ақ парақтар

Ажалға аяқ басқандарды аман алып қалған ақ парақтар
Ⓒqamshy.kz`s collage

Ұлыбританиядағы Сандерленд қаласындағы Уирмут көпірі қайталанбас архитектуралық көркемділігімен бірден көзге түседі. Бұл көпірдің атағын арттырып жүрген тағы бір факт бар. Не дейсіз ғой? Өмірмен қош айтқысы келгендер осы көпірден секіргенді құп көреді екен.

Уирмут көпірі

Мұны жақсы білген 18 жастағы Пейдж Хантер қайғыға душар болып, жүректері жараланып, өлімнен басқасын ойлай алмай қалған бейбақтарға қол ұшын созуды жөн санайды.

Пейдж Хантердің таңдаған тәсілі қандай десеңіз, таң қалуға дайын болыңыз. Себебі Пейдж түрлі-түсті фломастерлерді қолдана отырып, жігерлендіретін, рухтандыратын сөздерді ақ параққа жазып, ламинаттап, көпірдің айналасындағы 40 жерге іліп қойған.

Пейдж Хантер

Пейдж Хантер

«Шынайы ниетімді байқату үшін осы сөздерді әдейі қолдан жаздым» депті Пейдж инстаграмында. Өлемін деп келген адам Пейдждің жазғандарына көз түсіп, бастапқы ойларынан айныған. Онымен қоймай бойжеткен шұғыл психологиялық көмек көрсету орталығының телефон нөмірін де қоса жазған.

18 жастағы қыздың ақ параққа жазғандары:

  1. «Мықты бол! Себебі бәрі жақсы болады. Дәл қазір басыңа қара бұлт үйірілген шығар. Маған сенші, ертең-ақ күн шығады жарқырап»
  2. «Терең тыныс ал. Артқа қадам жаса. Ойыңнан айны. Бізге бәрібір емес»
  3. «Ертең керемет күн туады. Өтініш, мойымашы!»
  4. «Кішкентай күрескер! Көрер қызығың мен қуанышың әлі алда»
  5. «Қозғалма. Тоқта. Дем ал. Тығырықтан шығар жол бар. Бұл әлемде сені жақсы көретін адамдар бар»Пейдж Хантер

Пейдж Хантер

Пейдж Хантер

Осы жазуларды байқап қалып, тірі қалғандардың ресми расталғандары – 6 адам. Себебі 6 адам Пейдж қалдырған нөмірге қоңырау шалып, психологиялық көмек алған. Үндемей, теріс бұрылып кеткендер қаншама!?

Пейдждің бұл әрекеті жергілікті полицияның назарынан тыс қалмады. Сандерлендтің полициясы оны құрмет грамотасымен марапаттапты. Сонымен қатар твиттердегі өздерінің ресми аккаунтында Пейджге алғыс айта отырып, бұл жазбаларды «үміт отын жағатын жолдаулар» деп атап өтті.

Пейдж Хантер

Бүгінгі таңда Пейдж Хантер Сандерленд қаласынан жақын маңда орналасқан Ист Дюррем колледжінде оқиды. Адамгершілігі мол, жүрегі мейірімділікке толы қыз шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында былай депті: «Отбасым мені мақтан тұтады. Грамотамды қабырғаға іліп қоймақшымын. Мен жай ғана адамдарға көмектескім келді».

Пейдж Хантер

Ол мұнымен тоқтап қалғысы келмейді. Бүгінгі таңда жігерлендіретін жаңа жазбалардың мәтінін ойластыру үстінде. Оларды Уирмут көпірінің айналасына іліп тастамақ.

ДереккөзPaige Hunter's Notes on Wearmouth Bridge in England Help Save Lives

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    "Парасатты тұлға" - Мұхтар Құл-Мұхаммед Тоқаев туралы пікір білдірді
    23/04 18:42 2 220
    2
    Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
    23/04 15:47 0 180
    3
    Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
    23/04 15:35 0 111
    Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (видео)
    23/04 14:58 0 311
    Еліміздегі әрбір бесінші автокөлік әйел адамға тиесілі
    23/04 14:34 0 695

    Таныстырылғандар

    Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды
    Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды
    Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды
    Қазақ руханиятына жасаған адал қызметі ешқашан ұмытылмайды... - деп жазады министр
    16/04/2019 10:18 0 989
    Жүйріктер топқа түсті
    Жүйріктер топқа түсті
    Жүйріктер топқа түсті
    Шын жүйрікке шаршы алаңда тұсау жоқ.
    16/04/2019 11:15 0 250
    ҰБТ-2019: Мамандыққа сәйкес пәндерді таңдаудың  жолы айтылды
    ҰБТ-2019: Мамандыққа сәйкес пәндерді таңдаудың жолы айтылды
    ҰБТ-2019: Мамандыққа сәйкес пәндерді таңдаудың жолы айтылды
    Биылғы ҰБТ-да қандай өзгерістер барын білгіңіз келсе, оқыңыз.
    16/04/2019 15:20 0 694
    1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)
    1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)
    1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)
    Түркістан облысы Шарадары ауданының 1999 жылғы мектеп түлектері 20 жылдық мерейтойды қайрымдылық шарасына
    17/04/2019 06:56 0 2329
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік тележүргізуші Дмитрий Брейтенбихер қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады
    17/04/2019 07:34 0 3266
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    қалыңдық бұл туралы тойдың алдында ғана білген екен.
    17/04/2019 09:45 0 735
    Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)
    Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)
    Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)
    Айдын күннің аманында бұл не сұмдық жағдай?
    17/04/2019 11:59 2 14681
    Биыл Алматыда 700-ден астам адамды ит қапқан
    Биыл Алматыда 700-ден астам адамды ит қапқан
    Биыл Алматыда 700-ден астам адамды ит қапқан
    Өткен жылы Алматыда 16 мыңнан аса қаңғыбас ит ауланса, биыл небәрі 4 айдың ішінде олардың саны 5000-ға жуықтап қалған.
    18/04/2019 07:12 0 362
    Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит
    Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит
    Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит
    Әркімнің өз шындығы бар!
    19/04/2019 11:32 0 4913
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    2018 жылдың қыркүйегінде жүктіліктің екі айлық кезінде Гүлзина Джалал-Абадта УДЗ-ге түседі. Зерттеу оның жатырында үш эмбрион барын көрсеткен.
    19/04/2019 17:33 0 557
    Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар
    Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар
    Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар
    Апатқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 тармағына сай қылмыстық іс қозғалды.
    20/04/2019 12:02 0 814
    Өлсе де тыныштық бермеді: мистика немесе кездейсоқтық
    Өлсе де тыныштық бермеді: мистика немесе кездейсоқтық
    Өлсе де тыныштық бермеді: мистика немесе кездейсоқтық
    Найзағай бір адамды тірісінде үш рет, өлгеннен кейін тағы бір рет іздеп келген.
    21/04/2019 00:01 0 1024
    Ілияс Жансүгіровтің қызы қамауға алынған немересіне хат жазды (фото)
    Ілияс Жансүгіровтің қызы қамауға алынған немересіне хат жазды (фото)
    Ілияс Жансүгіровтің қызы қамауға алынған немересіне хат жазды (фото)
    Әсия Төлесова  — 1938 жылы репрессияның құрбаны болған танымал ақын Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі.
    22/04/2019 12:46 1 5525
    Ғалымдар қойдың еті белсіздіктен қорғайтынын дәлелдеді
    Ғалымдар қойдың еті белсіздіктен қорғайтынын дәлелдеді
    Ғалымдар қойдың еті белсіздіктен қорғайтынын дәлелдеді
    «Биологиялық материалдарды талдау және зерттеу» орталығы мамандарының пайымынша, қойдың етінің көптеген пайдасы да баршылық екен.
    23/04/2019 09:14 0 1091
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    "Тоқаевты ұсынамын", - деді Назарбаев.
    23/04/2019 11:27 0 647