• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:19:03
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 NEWS

Ажал апанына айналған кен орны

Ашулы топтың сөзіне сенсек, терең құздан адам да, мал да құлап мертігіп жатыр...

Жамбыл облысы Құмшағал ауылының тұрғындары шағал тас өндіретін кәсіпорын аумағының ашық жатқанына наразы деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жұрттың айтуынша, қоршаусыз кен орны «ажал апанына» айналған. Ашулы топтың сөзіне сенсек, терең құздан адам да, мал да құлап мертігіп жатыр. Сондықтан жұрт қауіпсіздік үшін өндіріс орны басшысынан биік бекініс салуды талап етеді. 

Ауылдың бір қапталы қазылған ор. Осы маң ел үшін қауіпті. Бұқара, әсіресе, балалар өмірі үшін алаңдайды. Себебі, ойын баласы құздан құлап кетуі мүмкін. Айтуларынша бұл құздан соңғы 10 жылда 4 адам құлап қаза тапқан. Ал, мал санында есеп жоқ. Құрылысқа қажетті тас-шағал өндіретін кәсіпорын басшылары бұл мәселені білетін болып шықты.

Шағал тас шығаратын кәсіпорнының аумағы 72 гектар. Компания басшылығы соның тең жартысын ғана қолданамыз дейді. Қалғаны қараусыз жатқан жер деп ақталды. Оның үстіне адам өліп, мал шығыны болды дегені бекер дейді. Ал қоршауды бастап, жарым жолда аяқсыз қалдыруын қаржы тапшылығымен түсіндіреді. Жауаптылар істі тамызға жеткізбей тиянақтаймыз деп ант су ішті. 
Бірақ тұрғындар бұл уәдеге сенбейді. Cондықтан бұқара биліктен жағдайды бақылауда ұстауды сұрап отыр.


Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір