Азат Перуашев: Әбілқасымова үлкен қателік жасады

Азат Перуашев: Әбілқасымова үлкен қателік жасады
Ⓒqamshy.kz collage

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Астанада бес баланың өмірін қиған жойқын өрт пен оған кінәлілер туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан тілшісі сайтының дерегін негізге алып. 

Депутат кінәлі адамды іздеу дұрыс екенін, мұндай дүниені бей-жай қалдыруға болмайтынын айтты.

"Астанадағы трагедиямен қатар, Қызылордада үш бала, екі күннен кейін Павлодарда бүтіндей бір отбасы қаза болды, содан кейін Шымкенттегі қайғылы оқиға. Көптеген миллиардтаған бюджеті бар қызметтер болса да, өкінішке қарай, өрт қауіпсіздігі, адамдардың қауіпсіздігі мәселесі бізде екінші орынға сырғып кетіп жатыр", деді Перуашев.

Перуашев әрбір министр саясаткер ретінде өз сөзіне жауап беруі керектігін атап өтті.

"Әрбір шенеунік өз жұмысы үшін жауапкершіліктен бас тартпауы керек. Әбілқасымова 16 мың теңге көп деді. Меніңше, бұл - үлкен қателік. Бірақ, бұл қателіктің жуырдағы трагедияға тікелей қатысы жоқ...Ол үй бұл сөзден кейін жанып кеткен жоқ, біз осыны түсінуіміз керек",  деді мәжілісмен.

Десе де, депутат Әбілқасымова министр ретінде әлеуметтік салаға жауапты екенін, сондықтан халықты мазалаған проблемаларды үкімет алдына қою қажеттігін қадап айтты.

"Ол үкіметте отырған ойыншық емес. Мен Әбілқасымова ханымды құрметтеймін, бірақ министр ретінде ол әлеуметтік салаға жауапты. Сондықтан халықтың талабы орынды деп санаймын. Министрді отставкаға кетіру керек пе? Жұртшылық министрден қандай да бір әрекеті үшін жауапкершілікті талап етуге құқылы. Әрбір министр өз саласына жауап беруі тиіс", - деді Перуашев.

Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың "ата-аналардың түнде жұмыс істеуі – олардың таңдауы" дегеніне қатысты да пікірін білдірді.

"Ата-ана шарасыздықтан барып отыр мұндай қадамға. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі неге көп балалы ата-аналарды түнде жұмыс істеуге жібереді?",  деп ашуланды депутат.

Оның айтуынша, Мәжілістің жалпы отырысында "Ақ жол" фракциясы көпбалалы отбасыларға төленетін әлеуметтік жәрдемақы, баспана мәселесін тағы да көтереді.

Перуашев өрт қауіпсіздігі мәселесі аймақтық емес, барлық өңірде кездесетін жүйелі проблема екенін атап өтті.

"Өртке қатысты айтар болсақ, бұл төтенше жағдайлар комитетінің тікелей жауапкершілігі. Отставка туралы сөз қозғасақ, Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің отставкасы туралы айтуымыз керек. Бұл олардың тікелей жұмысы", - деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, бір отбасындағы бес баланың өмірін жалмаған өрт Астанада Көктал-1 ауданында болды. Апалы-сіңлілі бес қыз түнде үйде жалғыз қалған, ата-анасы жұмыста болыпты. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала көз жұмды.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Кашмирде не болып жатыр?
    21/02 14:05 0 23
    2
    Жаңаөзен жастары Елбасына видео үндеу жолдады (видео)
    21/02 13:57 0 64
    3
    Ұлтынан, тілінен мақұрым қалған қазақстандық әжей өз-өзін іздеп жүр
    21/02 13:48 0 82
    Алматыда екі жігіт 35 жастағы әйелді буындырып, тонын шешіп алып кеткен (видео)
    21/02 12:28 0 1189
    Түрікмен полициясы әйелдердің көлік жүргізу куәлігін тартып алып жатыр (видео)
    21/02 12:17 0 162

    Таныстырылғандар

    Алматыда халық аты аңызға айналған қара майорды ақтық сапарға шығарып салды
    Алматыда халық аты аңызға айналған қара майорды ақтық сапарға шығарып салды
    Алматыда халық аты аңызға айналған қара майорды ақтық сапарға шығарып салды
    Марқұммен қош айтысуға оның достары, әскерилер, әріптестері келді
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 11:59 0 2126
    Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары
    Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары
    Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары
    Мемлекет басқару жасқа қарамайды.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 00:13 1 1744
    Трамптың денсаулығында кінәрат жоқ: салмағы –108 келі, бойы – 180 см, қан қысымы–122/74
    Трамптың денсаулығында кінәрат жоқ: салмағы –108 келі, бойы – 180 см, қан қысымы–122/74
    Трамптың денсаулығында кінәрат жоқ: салмағы –108 келі, бойы – 180 см, қан қысымы–122/74
    «Құдай оны осылай жаратқан!».
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 13:42 0 402
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Басқосуда көпбалалы аналардың мәселелерін шешу жайы талқыланды
    15/02/2019 19:14 0 207
    Нұрділдә Ораз ҚР ІІМ кеңесшісі әрі ресми өкілі атанды
    Нұрділдә Ораз ҚР ІІМ кеңесшісі әрі ресми өкілі атанды
    Нұрділдә Ораз ҚР ІІМ кеңесшісі әрі ресми өкілі атанды
    Көпшіл азамат енді министрдің де БАҚ өкілдерімен жұмыс істеуіне атсалысады деп ойлаймыз.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 12:22 0 589
    Бекболат Тілеухан Білім және ғылым министрлігін сынға алды
    Бекболат Тілеухан Білім және ғылым министрлігін сынға алды
    Бекболат Тілеухан Білім және ғылым министрлігін сынға алды
    Қазақта "тауып алған алтыннан, терлеп тапқан тиыным берекелі" деген сөз бар.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 15:40 0 2566
    Құралай ханым: Өз өмірлеріңізді өзгертуден қорықпаңыздар!
    Құралай ханым: Өз өмірлеріңізді өзгертуден қорықпаңыздар!
    Құралай ханым: Өз өмірлеріңізді өзгертуден қорықпаңыздар!
    Меніңше, қазір қоғамға психологтар аздық етеді. Себебі 18 миллион адам тұратын мемлекетімізде білім беретін кәсіби психологтар көп деп айта алмас едім.
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 14:04 0 451
    Жаңа министр: Мен журналистерден қашпаймын, олармен дос боламын
    Жаңа министр: Мен журналистерден қашпаймын, олармен дос боламын
    Жаңа министр: Мен журналистерден қашпаймын, олармен дос боламын
    Өз сөзінде ведомство басшысы барша қазақстандықтарға қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 15:05 0 1039
    Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті
    Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті
    Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті
    Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті
    19/02/2019 19:51 0 113
    Венесуэла: 15 мың мерген оқ атуға дайын тұр
    Венесуэла: 15 мың мерген оқ атуға дайын тұр
    Венесуэла: 15 мың мерген оқ атуға дайын тұр
    Бірақ  бір ай уақыт өтсе де,  жағдай шешілген жоқ, тартыс өршіп барады.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 12:05 0 372
    Көп балалы әрі жалғызбасты аналарды енді кәсіпке оқытатын болады
    Көп балалы әрі жалғызбасты аналарды енді кәсіпке оқытатын болады
    Көп балалы әрі жалғызбасты аналарды енді кәсіпке оқытатын болады
    Курстарға оқуға жұмыссыз көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік осал топтағы аналар шақырылады.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 12:23 0 143
    Орта Азия елдеріндегі саясаткер әйелдер
    Орта Азия елдеріндегі саясаткер әйелдер
    Орта Азия елдеріндегі саясаткер әйелдер
    Қазақстанда да кезектен тыс өтетін президент сайлауына түсуге ниет білдірген әйел қауымының да қарасы көбейген.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 16:52 0 486
    Петр Порошенко: Украинаның шекарасында Ресейдің 87 мың әскері тұр
    Петр Порошенко: Украинаның шекарасында Ресейдің 87 мың әскері тұр
    Петр Порошенко: Украинаның шекарасында Ресейдің 87 мың әскері тұр
    Ресей бұл елдімекенді басып алған жағдайда Қырымға қарай құрлық әскерлері үшін дәліз ашылады
    Аудио тыңдау
    21/02/2019 11:05 0 179
    "Курица – не птица, Аблязов –  не оппозиция". Мәні "кепкен" мәтелдер
    "Курица – не птица, Аблязов – не оппозиция". Мәні "кепкен" мәтелдер
    "Курица – не птица, Аблязов – не оппозиция". Мәні "кепкен" мәтелдер
    "Ресейдi Путин билейдi, Путиндi бұтым билейдi"
    21/02/2019 11:24 0 1348
    Кашмирде не болып жатыр?
    Кашмирде не болып жатыр?
    Кашмирде не болып жатыр?
    Екі ел дипломаттарын кері шақырып алды
    21/02/2019 14:05 0 23