• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:48:09
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2018 Айтты-ей, бауырың!

"Азаматтарын алалайтын үкіметті бірінші рет көрдім!"

Үкімет сонда оқушылардың орамал таққанынан мәңгүрттене түскенін дұрыс көріп отыр ма, түсінбедім?

Мен бір нәрсені түсінбей жүрмін. Бізде қаншама мектеп бар, орыс мектебі. Онда қаншама қазақтың баласы оқып жүр. Орыс мектебі мен аралас мектепте оқитындардың 70 пайызы қазақ балалары екен. Үкімет сонда оқушылардың орамал таққанынан мәңгүрттене түскенін дұрыс көріп отыр ма, түсінбедім? Қазақ мектебі – оқушыларды имандылыққа, әдептілікке баулитын орта болуы керек еді ғой. Дәл қазір қазақ мектебі осы үдеден шыға алмай отыр. Юбкалары барған сайын қысқарып, жыл сайын қаншама оқушы аборт жасап ұсталып жатыр.

Бұл әдейі істеліп жатқан ұлтты азғындататын, мәңгүрттейтін жымысқы жоспар секілді көрінеді екен. Жарайды, мектепке орамал таққандарды жолатпай-ақ қойсын, бірақ үкімет олардың проблемасын шешетін басқа бір жолын ұсынуы керек еді ғой. Олар да Қазақстанның азаматы. Азаматтарын алалайтын үкіметті бірінші рет көрдім! Жәй мектепке жолатпаса, өздеріне, орамал тағатындарға арнап жеке бір мектеп ашып берсін. Бюджеттің ақшасына жұмыс істейтін қаншама (арамтамақтарды дайындайтын) орыс мектебі бар. Солардың есебінен ашса да болады ғой! Бізге болашағымызды мәңгүрттеп жатқан орыс мектебі керек пе, иманды ұрпақ керек пе? «Қазақ мектебі» дегенде, қазір біздің көз алдымызға тілі ғана қазақ, онда да арасында орысша шүлдірлеп қоятын мектеп келе қалады. «Қазақ мектебі» деп әспеттейтіндей, оның басқа іліп алатын ешнәрсесі жоқ! Онда не дәстүрді оқытпайды, не тілді (грамматиканы) тереңдетіп оқытпайды, не өзінің дінін үйретіп жатқан жоқ, не тарихын жарытып білмейді, қай жері оның қазақ мектебі! Қазақ мектебінің имиджін қалыптастыратын уақыт болды. Мұндай реформа министрдің қолынан келмесе, орнын босатсын. Сосын бізде орыс мектебі, өзбек мектебі, тәжік мектебі, ұйғыр мектебі дегендер болмауы керек. Әр диаспораға мектеп ашып беретіндей федерация не құрама штат емеспіз біз.

Біз – қазақ дейтін бір-ақ ұлт тұратын унитарлы (біртұтас) мемлекетпіз. Сондықтан, Қазақстанда диаспораның мектебі секілді «қазақ мектебі» деген болмауы керек. Бәріне ортақ бір-ақ мектеп, қазақ мектебі ғана болып, «мектеп» пен «ұлт» деген сөз бізде синонимге айналуы керек!

Жолымбет Мәкіштің фейсбук парақшасынан алынған

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір