• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:10:12
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2018 NEWS

Азаматтарымыз қиналмай, қысылмай қазақ тілінде сөйлеуге дайын болу керек...

Қазір қазақ тілі - өзекті мәселе болып тұр, өкінішке орай тілді білмейтіндер көпшілік

Жуырда интернет желісінен Алматыда «Alma Club-ының» ашылып, сол жерде тегін қазақ тілінен сабақ берілетінін естігенімде қатты қуандым. Қазір қазақ тілі  - өзекті мәселе болып тұр, өкінішке орай тілді білмейтіндер көпшілік. Қазақстандағы ең алғаш тіл үйрету клубының негізін қалаушы Аман Кенжебайұлы мырзаға хабарласып клуб жайында әңгіме қозғаған едім:

-   Негізі осындай клубты ашу баяғыдан ойымда жүр еді,  Шыңғыс, Ислам достарыммен ақылдасып, бір жұма аясында іске асырдық. Қазақ тілі ол -  мемлекеттік тіл, кім не десе де, бірақ болашақта бәрі қазақша болды. Сондықтан біздің азаматтар қиналмай, қысылмай қазақ тілінде сөйлеуге дайын болу керек. Көбінесе адамдар қате сөйлеп қоямын, акцентім бар деп ұялып, қысылады, ал біздің мақсатымыз – оларға анық және акцентсіз қазақша сөйлеуді үйрету. Тілді мүлде білмейтіндерге басынан бастап оқытамыз, біз оларды қоғамда қазақша сөйлетуіміз керек. Көбінесе қазақ немесе өзге ұлт өкілі қазақ тілінде нашар сөйлесе оған орыс тілінде жауап бере салады, ол дұрыс емес. Егер керісінше тілді білмегендермен қазақ тілінде көп сөйлессек оларға жақсы  тәжірибе болар еді. Екі оқытушымыз бар, Ескендір және Яна деген жас мамандар. Жастары 23 және 25-терде.  Ескендір аудармашы, полилглот. Яна заңгер.  

 - Қімнің методикасын пайдаланасыңдар?

 - Қанат Тасыбековтың методикасын қолданып жүрміз.

- Қазір клубтың жағдайы қалай, қатысушылар көп пе?

Қазір курсқа 20 шақты адам келіп жүр, негізі хабарласып жазылып жүрген адамдар көп. Келем деушілерге есік әрдайым ашық.

Алматы

- Алда осындай клубтарды басқа да қалаларда ашу жоспарларыңыз бар ма?

- Иә ой, жоспарларымыз көп, бірақ әзірше осы клубты өсіріп, дамытқымыз келеді.

Және де мен фейсбуктағы парақшаларыңыздан «Алибаба» кофеханасыда кітапхана бар екенін оқыдым, ол не кітаптар? Және ол кітапхананың ашылу мақсаты қаңдай?

-Ол жерде әрбір қонақ отырып кітап оқи алады, көбінесе тарихи кітаптар, көп қонақтарымыз кітаптарын сыйға тартып, тастап кетіп жатады. Әжептәуір кітап жиналып қалды. Қазір кітап оқитын адамдар аз болып барады, мақсатымыз кітап оқуға қызығушылықты арттыру.

Міне осы Аман сияқты елімізде тіліміздің  дамуына ат салысып жүрген ерлеріміздің еңбектері жемісін беріп, болашақта қазақ тілінде бүкіл азамттарымыз сөйлеп кетсе, нұр устіне нұр болар еді.

сұқбаттасқан  Қымбат Керейбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір