• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:40:05
Алматы
+35°

22 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Аз уақытта көп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тиімді жүйе

Бір күнге 1 маңызды іс, 3 орташа жұмыс пен 5 кішігірім шаруаны жоспарлаңыз.

Өз уақытыңызды қалай жоспарлап, күн тәртібіңізді ретке келтіруді неден бастауды білмей жүрсіз бе? Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына аз уақытта көп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін күн тәртібін құруға арналған кеңестерді ұсынады.

уақытты үнемдеу

 Маңызды іс пен шұғыл шаруаны ажырата білу

Алға қойған мақсатты дұрыс түсіну өте маңызды. Жұмысыңыз күнделікті мақсатқа құрылуы тиіс. Ол үшін дереу орындалуы тиіс жұмыс пен маңызды істерді ажырату маңызды. Мәселен, әлдекімнің айтқан өтініші сізді негізгі мақсаттан ауытқып, оған арнайы уақыт бөлуге мәжбүрлейді.  Егер күн тәртібіңізде жоспардан тыс шаруа пайда болса, оның қаншалықты маңызды екеніне қарап, күндізгі немесе кешкі уақытыңызды арнаңыз.

 уақытты үнемдеу

Ойыңызды бөлетін құбылыстарға «тосқауыл» қойыңыз

Өз энергияңызды негізгі мақсатқа арнау – жетістікке жетудің негізгі жолы. Сіздің ойыңызды бөлетін телефон қоңырауларын, әлеуметтік желіден келетін хабарламаларды дыбыссыз режимге үнемі қоюды ұмытпаңыз. Жақындарыңыздан жұмыс барысында мазаламауды сұраңыз. Әркез ойыңыз бөлінген сайын, істі тоқтаған жерден қайта бастау үшін біраз уақыт қажет болатыны белгілі. Сіздің ойыңызды жиі бөлетін негізгі факторларды анықтап, жұмыс уақытында оларды мүлдем ұмытуға тырысыңыз.

 күнді жоспарлау

Күніңізді жоспарлаңыз

Бүгінгі күніңізді сәтті аяқтағаннан кейін, еңбек өнімділігіңізді салыстыра отырып, келесі күнге күн тәртібін жоспарлап үйреніңіз. Осы арқылы күнделікті барлық шаруаға үлгеруге болады. Әр іске қанша уақыт арнайтыныңызды дұрыс бағалағанда, еңбек өнімділігіңіз арта түседі. Сондай-ақ, "бұл іс әдетке айналса, барлық шаруаларыңызға үлгере алмаймын" деген  мазасыздықтан құтыласыз. 

уақыт

1-3-5 жүйесін қолдану

Өз күн тәртібіңізді құрастыра отырып, мына жүйеге мән беріңіз. Бір күнге 1 маңызды іс, 3 орташа жұмыс пен 5 кішігірім шаруаны жоспарлаңыз. Алғашқы уақытта осы жүйе сіздің аз уақыт ішінде өте көп шаруаны нәтижелі орындауыңызға мүмкіндік береді.  

 Ұсынған: Балжан ХАЛЫҚ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір