• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:12:06
+35°

28 Тамыз, 2018 NEWS

Айнаны қойып, дөңгелек ұрлауға көшті

Үш ер адам Hyundai Accent маркалы көлікпен қашқан.

Кеше Алматы қаласы Алмалы ауданының жол-көлік полициясы үш ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер Toyota Venza көлігінің екі дөңгелегін шешіп алғаны анықталды.

«Үш ер адам Hyundai Accent маркалы көлікпен қашқан. Полицейлер көлікті Гоголь мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында тоқтатты» дейді Алматы қалалық ІІД өкілі.

Ұсталғандардың кім екені анықталды. Үшеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары. 1991, 1994, 1995 жылғы күдіктілер сотталмаған.

Алматы қалалық ІІД мәліметіне сәйкес, Алмалы аудандық ІІБ-нің тергеу бөлімінде ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр»

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір