• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:44:48
Алматы
+35°

02 Қараша, 2018 Аймақтар

Аймақтық экономиканы әртараптандырудың негізі индустриализация болып қала береді

Ағымдағы жылы барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсу үрдісі қамтамасыз етілді

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Мәлік Мырзалин   ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының аясында Ақмола облысының негізгі жетістіктері туралы, сондай-ақ 2018 жылдың 9 айдағы қорытындылары бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

«Ағымдағы жылы барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсу үрдісі қамтамасыз етілді. Ақмола облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,7% -ға артып, 200 млрд. теңгеден асты.   Олардың ішінде нақты өнеркәсіп секторындағы капиталдың шамамен 70% игерілді», - деді Мәлік Мырзалин.

Аймақтық экономиканы әртараптандырудың негізі индустриализация болып қала береді. Биылғы жылы өнеркәсіптік кәсіпорындар технологиялық жаңғыртуға белсенді инвестиция жасауда, жыл басынан бері 1,8 есеге өсіммен олар 52 млрд. теңге игерді. Қазіргі таңда 20 астам өнеркәсіп компаниялары өндірісте цифрлық технологияларды қолдануда. Жолдауда экспортқа бағытталған индустрияландырудың рөлі атап өтілді. Облыста индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша енгізілген 81 жобаның 27-і экспортқа бағдарланған, мұнда олардың барлығы өңдеуші секторға тиесілі. Оларға «Capital Projects Ltd» (құс еті), «Үш Бұлақ», «ҚазГеркус» (тауық жұмыртқасы), «Aстанаa Агропродукт» (шұжық өнімдері), «Көкшетауминводы», «Көкше Цемент» және басқалары кіреді.

Мемлекет басшысы инновациялық және сервистік секторларды - альтернативті энергетиканы, биомедицинаны, блокчейнді және басқаларын дамыту міндетін қойды. Степногорск қаласында Ұлттық биотехнология орталығының филиалы және «BIOTRON Group» ЖШС бар. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында Өңірлік ғылыми-зерттеу технопаркі құрылды. Өткен жылы Целиноград ауданында Big-Data орталығы ашылды. Ерейментау, Аршалы, Целиноград және Зеренді аудандарында баламалы энергетика дамып келеді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту өңірлік экономиканың жүргізушілерінің бірі болып табылады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Ақмола облысындағы астықтың жалпы түсімі 5,6 млн. тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 13 центнер.

Биылғы жылы мал шаруашылығында зәкірлік қуаттылықты дамыту бойынша ынтымақтастықты енгізудің арқасында жемшөп алаңдарының сыйымдылығы 10 мыңға дейін өсті.  Бес жылдың ішінде зәкірлік шаруашылықтарда 16 мың орынға арналған 700-ден астам ет фермасы құрылады. Сүтті мал шаруашылығында 1000-нан астам ірі қара малға                 18 отбасылық сүт-тауарлы фермасы құрылды. Осы бағытта жұмыс жалғасуда. 7 000 бас сүт табынына арналған 5 ірі СТФ салу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығын қайта өңдеу салаларында үлкен көлемдегі инвестициялар игерілуде. Жыл басынан бері осы салаға 19 млрд. теңгеден астам (өсім 7,3 есе) жіберілді, бұл республикалық көлемде 25% (жалпы Қазақстан бойынша инвестициялардың көлемі             76,8 млрд. теңге) құрайды.

Биылғы жылы ашылған Макинск құс фабрикасы -  құс шаруашылығы өнімдерін тек елордалық аймақ үшін ғана емес, бүкіл республика үшін импортты алмастыру жөніндегі ауқымды жобалардың бірі болып табылады. Бүгінде құрылыстың бірінші кезеңі (25 мың тонна) енгізілді, келесі жылы толық іске қосу жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылыққа жету барысында кәсіпорын жыл сайын елдегі құс етінің 30% импортын жабады. Басқа серпінді жобаның құрылысы жалғасуда - ет өңдеу қуаты жылына 5,5 мың тонна болатын «Bavaria Product» ірі шошқа кешені. «Урожай» ЖШС жылына қуаты 18 мың тонна астық өнімдерін шығаратын зауытты 10-нан астам өнімнің ассортиментімен іске қосты. Өткен жылы Аршалы ауданының «Аян» ЖШС-де қуаттылығы жылына 6 мың тонна астықты терең өңдейтін өндіріс енгізілді.

 «Азық-түлік өндірісінде тұрақты өсу үрдісі сақталады. Есепті кезеңде өсім 110,8% құрады. Оның ішінде шұжық өнімдері мен ұн - 113%, ет - 117%, өсімдік майы - 132%, сарымай - 135% », - деп атап өтті өңір басшысы.

Шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді. 800-ден астам жоба қолдауға ие болды және жеті жыл бойы жүзеге асырылған «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқасында 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде микрокредитті қаржыландыру 1,7 есеге, шамамен 4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Бүгінгі таңда 2 млрд. теңгеден астам сомаға 630 микрокредит берілді.

Жолдаудың маңызды басымдықтары тұрғын үйдің қол жетімділігі мен сапасы болып табылады және сақталады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың                   9 айында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 35% -ға өсті. 394 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3800 пәтер енгізілді.  2019 жылы ел тәуелсіздігін алған бері алғаш рет 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй енгізу жоспарланып отыр, бұл  4,5 мың пәтерді құрайды. Болашақта жыл сайынғы өсім 380-400 пәтерді құрайтын болады.

Өңірде сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу және қайта жаңарту сияқты мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтуды ұлғайту үшін облыста 20 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 5 жоба ағымдағы жылы аяқталады: Жақсы қаласында - 2, Целиноград ауданында - 3.

Целиноград ауданының Қаражар ауылындағы сумен қамту жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындары 2019 жылы объектіні енгізу арқылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы 476 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді. 2019 жылы жергілікті жолдардың 470 км-нан астамын жөндеу және қайта жаңарту жоспарлануда.

«Сарыарқа» жобасы аясында 2019 жылдан бастап Аршалы және Целиноград аудандарында 130 мың адам тұратын 20 елді мекенді газдандыру жұмыстары басталады.

Салауатты өмір сүруді қалыптастырудың кепілі жаппай спортты дамыту болып саналады.Осы мақсатта облыста 2 мыңнан астам спорттық нысандар жұмыс істейді, олардың 54-і ағымдағы жылы ашылды.

Адами капиталдың сапасы - Мемлекет басшысының әрбір Жолдауындағы үлкен көңіл бөлетін тағы бір маңызды мәселесі. Жаңа оқу жылына дейін салынып жатқан 9 мектептен 1300 орынға 4 мектеп пайдалануға берілді. Олардың ішінде 900 орынға арналған инновациялық IT-мектеп-лицейі. Қазіргі кезде Назарбаев Зияткерлік мектебінің жүйесі мен әдістемесіне негізделген жаңа оқу жоспары оқушылардың 73% -ын қамтиды. Оған толық көшу 2021 жылы аяқталады. Бүгінгі таңда алған білімдерін практикада қолданылып отырған, жаңа білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 13600 мұғалім өтті.

Жалпыға ортақ міндет - ұлт денсаулығы. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында соңғы екі жылда 256 бірлік медициналық жабдықтар, 46 санавтокөліктер, 762 бірлік компьютерлік техникалар сатып алынды. Күрделі жөндеу жұмыстары 24 денсаулық сақтау мекемесінде жүргізілді. Биыл облыстың тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар нысан онкологиялық диспансердің құрылысы жүргізілуде. МЖӘ шеңберінде тағы 30 бірлік жедел жәрдем көліктерін сатып алу жоспарлануда, бұл үшін жоба бойынша жеке серіктес анықталған.

Жаңа жұмыс әдістеріне көшудің жақсы көмегі және ынталандыруы бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру болып табылады. Алдымен, 2018 жылдың                    1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалақыны 30% - ға арттыру жаңа білім беру бағдарламасына ауысқан мұғалімдерінен басталды. Енді 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге артады. Облыста бұл бюджеттік ұйымдардың 58 мың қызметкеріне (қызметкерлердің жалпы санының 15%) әсер етеді - бұл дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері және басқа санаттар. Олардың жалақысы орта есеппен 35% - ға өседі.

Мемлекет басшысы төменгі ақы төленетін жұмысшыларға жалақыны көтеру туралы ұсынысты қолдау үшін барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарға жолданды. Бүгінгі таңда аймақтағы 20-дан астам ірі компания осы жылдың қараша айынан бастап дайын екендігі туралы ниеттерін білдірді. Олардың ішінде «Тыныс» АҚ, «ТНК Агрофирма», «Гормолзавод» ЖШС және басқалары бар.

Жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру мақсатында биылғы жылы                              1400 республикалық гранттар 37% артумен бөлінді. Оның ішінде техникалық мамандықтарға     489 грант берілді. Облыстық бюджеттен бөлінген гранттар саны 1,5 есеге артты - 150-ге дейін (100-і мамандықтарға арналған, 50-медициналық). Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында медициналық факультет ашылып, 172 жергілікті студенттер мен 150 шетелдік студенттер оқитын болады.

Аймақтық экономиканы әртараптандыру үшін жүргізушілердің бірі кірмелік және ішкі туризмді дамыту болып табылады. Туристік кластерде 700-ден астам нысан бар. Өткен жылы көрсетілетін қызметтер шамамен 6 млрд. теңгені құрады, 1 млн. астам адам облыстың туристік орындарына барды. 2017 жылы бизнес-құрылымдардың қатысуымен 1,2 млрд. теңгеге 10 жаңа туристік нысан ашылды. Биылғы жылы 5 ірі жоба бойынша тек жеке инвестиция көлемі шамамен 6 млрд. теңгені құрайды. Зәкірлік жобаларды іске асыру Щучинск-Боровской курорттық аймағын дамытуға үлкен серпін береді. Олардың ішінде - «Ақ Бура» жаңа курорттық аймағын (233 га), Щучье көлінің жағалауындағы коттедж қалашығын (50 гектар), Бурабай ауылында шипажай (14 га), Ақылбай ауылдық округінде ат спорты кешенін салу. Қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін сертификатталған қонақ үйлер саны 7 есеге (27 бірлікке дейін) артты, жыл соңында олардың саны 30 бірлікті құрайды. Көкшетау қаласында бизнес-құрылымдармен бірге білікті мамандарды даярлау үшін Қызмет және Туризм академиясы құрылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір