• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:57:06
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 Әлеумет

Айлығын ала алмай жүрген ақтаулық жұмысшылар қаланы тазартудан бас тартты

«Қала жолдары» коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорнының жұмысшылары сәуір айындағы жалақыларын төлеуді талап етті

Ақтауда көше тазалықшылары мен коммуналдық арнайы техникалардың жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды. «Қала жолдары» коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорнының жұмысшылары сәуір айындағы жалақыларын төлеуді талап етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс орталығында 400-ге жуық жұмысшы қала көшесін тазалаудан бас тартқан. Ақтау қаласының әкімдігі  жұмысшылар жалақысының кешіктірілуін бюджетке түсетін салық түсімінің нашарлауымен байланыстырып отыр.

Жұмысқа шығудан бас тартқан тазалықшылар

Ал наразылық білдірген жұмысшылар соңғы алты айда  өз ақшаларын дау-жанжалмен алып жүргендерін айтты.

«Біз ылғи «айлық қашан түседі» деп айқай көтеріп, өз жалақымызды талап етеміз. Олар әр күні "ертең"деп уәде етеді. Жалақымызды төлеу үшін директор тіпті несие алды» - деп шағымданды Айнаш Идибаева.

Жұмысшылардың айтуынша, сыпырғыш, қолғап сияқты күнделікті жұмысқа қажетті заттарды да өздері сатып алуға мәжбүр екен.

«Бізге қайта-қайта уәде беріп, ақыр аяғы жалақымыз 10 күн, 15 немесе 20  күн кешіктіріледі. Ал біздің барлығымызда несие бар, кейбіріміз пәтер жалдап тұрамыз. Одан қалса,әрқайсымыздың үйімізде тамақ күтіп отырған бала-шағамыз бар ғой, олар күте алмайды емес пе?» - дейді Наурызбай Кетебаев.

Ал «Қала жолдары» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының директоры Қайрат Хайрушевтің айтуынша, ол бұл жұмысты бұрынғы басшылықтан бірнеше миллион қарыздарымен қабылдап алған.

«Мен осы жерге келгеннен кәсіпорынды сақтап қалуға кірістік. Маған дейін жасалған сатып алуды толығымен қарап шықтым. Кейбір техника мен құрал-жабдықтар сатып алынып, мұражайдың экспонатындай пайдаланылмай тұрған. Сондай-ақ, жалға алынған кейбір үй-жайлардың бағасы өте жоғары болып, қызметкерлер штабы бәрін қайта қарады. Осындай жұмыстардың арқасында, 421 миллион қарызды 170 миллион теңгеге дейін қысқарттық. Ал жалақы мәселесі тек ақпанда басталды. Бірақ мен ол кезде жұмысшылардың жалақысын беру үшін несие алдым. Ал қазір жалақының уақытылы түспеуі Ақтау бюджетінен қаржыландырудың болмауына байланысты туындап отыр» - деді Қайрат Хайрушев. 

Өз кезегінде Ақтаудың шенділері бұл мәселені жоққа шығармады, алайда қай кезде нақты шешімін табатынын да айтпады. 

«Иә, «Қала жолдары» кәсіпорнына қарызымыз бар. Бүгінгі күнге қарыз сомасы 2,5 айға 150 миллион теңгені құрап отыр. Бұл қарызды салық түсімдері жеткілікті түскенде толығымен төлейміз. Жұмысшыларға қарыз екенімізді жоққа шығармаймыз, оларға жағдайды түсіндірудеміз, бірақ олар түсінуге тырыспауда» - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров.   

 Аударған: Мият Кәшібай

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір