• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:35:30
Алматы
+35°

18 Желтоқсан, 2018 NEWS

"Айка" фильмі "Оскардың" шорт-листіне енді

"Айка" фильмі Қырғызстаннан келген жас мигрант қыздың тағдыры туралы.

Ресейлік режиссер Сергей Дворцовтың “Айка” фильмі “Оскар” сыйлығынан үміткер тоғыз фильмнің қатарына енді. Фильм “шет тіліндегі ең үздік фильм” номинациясы бойынша байқауға қатысады.

Онымен бірге байқауға ұсынылған фильмдер арасында Альфонс Куаронның “Рим” фильмі, Хирокадзу Корээданың “Дүкен ұрылары” фильмі, Павел Павликовскийдің “Қырғи-қабақ соғыс” атты фильмдері бар.

"Айка" фильмі Қырғызстаннан келген жас мигрант қыздың тағдыры туралы. Ол Мәскеуде заңсыз тұрып, жұмыс істейді. Аяғы ауыр Айка босанған соң нәрестесін перзентханада қалдырып кетеді. Бірақ уақыт өте келе ісіне өкініп, тастанды баласын іздей бастайды.

Бұл фильмде бас кейіпкерді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова биыл мамырда Канн кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" номинациясының жеңімпазы атанған.

Бес номинация бойынша 'Оскар" жеңімпаздары 22 қаңтарда анықталады. Ал сыйлықпен марапаттау рәсімі 24 ақпанда болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір