• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:56:41
Алматы
+35°

19 Қыркүйек, 2018 NEWS

"Айка" аты – орыс, заты – қазақ болғандықтан Оскардан қағылды

«Айка» көркем фильмінің режиссері Сергей Дворцевой Ресей азаматы екен.

Оскар сыйлығына ұсынылған «Айка» фильмі кері қайтарылды. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мұның себебін түсіндірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, «Айка» көркем фильмінің режиссері Сергей Дворцевой Ресей азаматы екен. Алайда Қазақстанда туып өскен.

«Фильмнің басты продюсерлерінің бірі – ол Қазақстанның азаматтығы бар Гүлнәр Сәрсенова және басты рөлде ойнаған Самал Еслямова да Қазақстан азаматы. Яғни туындыны Қазақстандікі деп айта аламыз. Дегенмен Оскар сыйлығына ұсынған кезде өтпей қалды», - деді Мұхамедиұлы.

Ал Оскар сыйлығының талаптарына сәйкес фильмдегі актерлердің 50 пайызы өндіруші елдің азаматтығында болуы тиіс. Талаптарды саралау барысында Дворцевой мен ілеспе актерлердің  Қазақстан азаматтары емес екені көрсетілген. Осыған орай Қазақстан тарапының өтініміне қолдау жасалмады.

Айта кетейік, "Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары. 

Басты рөлді сомдаған амал Еслямова мамырдың аяғында өткен 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір