• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:06:21
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2017 Әлеумет

Әйелді жүкті деп ойлаған дәрігерлер шындықты анықтағанда өз көздеріне өздері сенбеді

Ирианита Рохас есімді қыз Перудің кішкентай Тамсияку қалшығында тұрған. Ол джунглидің ортасында орналасқан. Қыз 22-ге толғанда жиі-жиі іш ауруы мазалай бастады...

Ирианита Рохас есімді қыз Перудің кішкентай Тамсияку қалшығында тұрған. Ол джунглидің ортасында орналасқан. Қыз 22-ге толғанда жиі-жиі іш ауруы мазалай бастады. Сапалы медициналық көмек көрсетілмегендіктен қыз ауруына мойынсұнды. Жергілікті дәрігерлер  ешқандай көмек көрсете алмады. Уақыт өте келе қыздың жағдайы нашарлай бастады.

Ирианита Рохастың іші өскені соншалық, жүре алмайтын дәрежеге жетті. Оның жағдайынан хабары жоқтар Ирианитаны жүкті деп ойлаған еді. Қыздың бақытына орай, Тамсияку қалшығында жаңадан ашылған аурухананың ашылу салтанатына Денсаулық сақтау министрі келеді.

 

Ирианитаның жағдайын білген министр қызды Перу астанасы Лима ауруханасына жеткізуге тапсырма берді. Білікті дәрігерлер оның ішінде ісік барын анықтайды. Оның салмағы 16 келіге жеткен екен. Хирургтар ісікті алып тастайды. Ағзасы қалпына келгеннен кейін үйіне оралды.

 

 

 

 

Ауруынан ешқашан айықпаймын деп ойлаған қыз жаңа өмір бастағысы келетінін айтады.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір