• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:04:04
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2018 NEWS

Әйелдер зейнетке ерте шығуы үшін неге ер адамдардан көп қор жинауы қажет?

Зейнетке шығу үшін жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражаты орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты есептелген

Зейнетке шығу үшін жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражаты орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты есептелген. Бұл сұраққа ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Кез келген қазақстандық азамат зейнетақы қорын мерзімінен ерте алуға құқылы. Қордың жеткілікті мөлшерін есептеудің негізгі көрсеткіштері аннуиттің жасы, өмір сүру ұзақтығы және болашақ төлемдерді индекстеу болып табылады. 2018 жылы зейнетақы қорын мерзімінен алу үшін жиналған қаржының мөлшері әйелдер үшін 50 жаста 13 миллион 476 мыңды құраса, ер адамдар үшін 55 жаста 9 миллион 636 мың теңгені құрайтын болады. Жинақталған зейнетақы қаражатының жеткілікті деңгейінің артуы әйелдердің ең төменгі зейнетақысы мен зейнеткерлік жасының ұлғаюымен байланысты. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы 33 мың 745 теңге болады», - дейді министрліктегілер.

Әйел адамдардың жасы ер адамдардың жас мөлшерінен кем болуы қажеттілігіне қарамастан, әйелдердің зейнетақы қоры ер адамдарға қарағанда көбірек болуы қажет екен.

«Зейнетақы қаражатының жеткілікті болу мөлшері еліміздегі адамдардың өмір сүру ұзақтығына байланысты. Бұл критерии әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді деген статистикаға қатысты жасалынып отыр», - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Алайда жеткілікті зейнетақы қорының мөлшері жас ұлғая келе өзгеріп отырады. Министрліктің хабарламасында көрсетілгендей, адамның жасы үлкен болса, жеткілікті қаражат мөлшері соншалықты төмен болады.

Ведомство мәліметіне сәйкес, өмірді сақтандыру компаниясы адамдардың зейнетақы қорының қаншалықты төмен болғанына қарамастан, өмірлік жеңілдіктер береді.

Айта кетер болсақ, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова егер әрбір қазақстандық азамат 23 жасынан бастап айына 150 мың теңге жалақы алатын болса, 45 жасқа дейін ол 10 миллион теңге көлемінде зейнетақы қорына қаражат жинай алатындығын мәлімдеген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір