Әйел қуатын еселейтін 70 әдіс

Әйел қуатын еселейтін 70 әдіс
Ⓒflytothesky.ru

Әр әйелдің қуаты түгесілетін мезгілі болады. Әйелдің қуатын еселейтін тәсілдер туралы сөз қозғасақ.

  1. Массаж. Уқалау маңызы. Әйелдің тәні үнемі қозғалып, қимылдап тұруы керек. Әйтпесе, қуаты бір жерде тұрып қалып, денені ауру етеді. 
    2. Шаштаразға бару. Әдемі шаш тек көңіл көтеру емес. Әйелдің шашы оның ойының айнасы іспетті. Шаш әйелдің көркі. Оған ерекше күтім керек. 
    3. Маникюр. «Әдемі қолдарды сүйе бергің келеді” дейді екен ерлер қауымы. Қызыл түсті лак жағылған тырнақтар жетістік пен сұлулықты тартады деседі. 
    4. Өзге әйелдермен араласу. Өзара қуат алмастырудың мәні бар. Еркекке өзін тануға тыныштық керек. Әйелге керісінше сөйлесу қажет. Өзге әйелдермен әңгіме-дүкен құру арқылы өзін тани түседі. 
    5. Ұзақ сөйлесу керек. Телефонмен болса да. Бұл уақыт өлтіру емес. Сөйлесу – әйелге керекті қуат көзі. Сөз әйелдің ішінде жиналып қалады. Соны шығармаса, еріне қиын болады. Күйеуге сөйлеу жақсы амалдардан емес. 
    6. Серуендеу. Әйел күніне бір рет болса да сыртқа шығып, таза ауамен тыныстауы керек. Отбасының ұйытқысы әйел, десек те оған табиғатпен қарым-қатынас өте маңызды. 
    7. Музыка. Күнделікті саз тыңдау қажет. Дәстүрлі, классика. Жалпы ұнайтынын тыңдай беріңіз. Таңертең шай ішкенде құлақ құрышын қандырар саз тыңдауды әдетке айналдырыңыз. 
    8. Сұхбаттасу мен ойлану үшін күрделі тақырыптарды айналып өту. Әйелге кейде ұшқалақ болып, әр түрлі ұсақ-түйекті ойлау пайдалы. Кішкентай қыз сияқты көріну оған жеңілмес жастық шабыт сыйлайды. Әсіресе, іскер әйелдер үшін осы қабілет маңызды. Жұмысты жұмыста қалдырып, үйге тек қуаныш әкеліңіз. 
    9. Түрлі шөптесіннің жұпарларын, майларын қосып суға түсу. Бұл еркелік емес, қажеттілік! Тәніңізге көңіл бөлсеңіз, артынша өзіңіз таңданарлық жағдайға көз жеткізесіз. 
    10. Медитация. Кез келген босаңсыту үдерістері іспетті нәзікжандардың өзіне тән қуатын арттырады. Күнделікті ұйқы алдында медитация жасау керек. Табиғат аясында жасалатын медитация да пайдалы. 
    11. Ән салу сабағы. Ән салу тамақтың чакрасын ашады. Ән салған адам ұрысқысы келмейді. Ерлерге деген мейірім оянады. Баяғы замандағы Спартада әйелге арнап айтылар мақтаудың бірі «ән сияқты екен» деген сөз болыпты. 
    12. Дүкен аралау. Жаңа заттарға көз салу ғана емес. Ақша жоқ болса да, дүкен аралау керек. Кей киімдерді киіп көріңіз. Өз сымбатыңызға сүйсініңіз. Әйелдің қуаты шексіз екенін есте сақтаңыз. Кейбір затты жай ұстап көру ғана жеткілікті. Көп ұзамай ол сіздің қолыңызға түседі. Оны алатын ақша да өз-өзінен пайда бола кетеді. 
    13. Психологқа қаралу. Міндетті түрде дәрігеріңіз әйел болсын! Көргені көп, тәжірибелі әйелдің сізге айтар ақылы көп болмақ. Қазіргі қиындыққа басқаша көзбен қарауға үйретеді. Даналық жасы келген әйелдерден беріледі. Сондықтан аналармен, әжелермен араласу, олардың сөзін тыңдау маңызды. 
    14. Билеу. Әйелдің қуаты мен тартымдылығына септігі мол. Әсіресе, арабша билер, латын билерін меңгеру қызық. 
    15. Йога. Йогамен шұғылдану сананы тынықтырып, күш береді. Мүмкін болса тұрмыс құрған әйелден сабақ алған дұрыс. Ер адам ұстаздық етсе, онда ол тек салмақ салуға басымдық береді. Қуатты нәрлендіруді үйрете алмайды. Себебі, ол ер адам. 
    16. Үнемі құрбылармен бастаңғы жасау. Бірге жиналған кездерде әйелдердің қуаты артады. Қуат алмасады. Жетіспей тұрған қабілет ашылады. 
    17. Гүл өсіру. Үйде гүл өсіруді қолға алу. Бұл да әйел қуатын күшейтетін тәсіл. Гүл ашқан өсімдік әйелге ұқсайды. Оны өсіру әйелдің де қуат-күшін арттырады. 
    18. Күйеуі бар құрбылармен араласу. Күйеуге шыққысы келетін қыздарға маңызды. Отбасы қуаты өте басалқы қуат көзі. Тек отбасылы құрбылар жиналатын кездесулерден бас тартудан асықпаңыз. Мұндай кездесуден соң сізге көңілі ауатын жігіттер кездесіп қалуы мүмкін. Түнгі клубта уақыт өткізуден гөрі отбасы мерекесіне бару пайдалы. 
    19. Көмек. Қол ұшын созу немесе көмек сұрау. «Мен өзім» деген ұстанымнан бас тартыңыз. Бұл ерлерге тән мінез. 
    20. Кітап дүкеніне жиі бару. Кітап толы сөрелерді аралау әйелге күш-қуат сыйлайды. Апта сайын дүкенге баруды әдет қылыңыз. Әйел – білім сақтаушысы. Ал, кітап – білім бұлағы. Дұрыс кітаптарды таңдаңыз. Әйелдің санасын жетілдіретін кітаптарға көңіл бөліңіз. 
    21. Ерлерден көмек сұрау. Кез келген қамқорлық әйелді нәзіктендіре түседі. Тәжірибе жасап, бейтаныс азаматқа сөмкеңізді көтерісуді сұраңызшы. Көңіл күйіңіз 100% көтеріледі!
    22. Оқу. Жақсы кітап оқыңыз. Адамдардың тағдыры туралы кітаптар көп әсер етеді. Өзгенің тағдырына қарап өзіңді жақсы түсіне бастайсың. 
    23. Үйдегі міндеттерді бөлісіп істеу. Жақындарыңызға кей міндеттерді бөліп беріңіз. Сеніп тапсырыңыз. 
    24. Аспаздық. Тамаққа қатыстының бәрі әйел қуатын күшейтеді. Әйел – асхананың егесі. «Қатын қайраттанса, қазан қайнатады» деп бекерге айтылмаса керек. Әйел тамақтандырып, ас-су беруге шебер. Тамақ пісіре алмайсыз ба? Үйреніңіз. Білсеңіз, ас мәзірін байыта түсіңіз. Басқа елдің асханасын зерттеп, зерделеңіз. Махаббат пен ас даярлау қуаттандырады. 
    25. Үй – жай ғана пәтер емес. Үй мен әйелдің ортасында ерекше байланыс орнайды. Сықырлаған есіктер, тырс-тырс тамған су – әйелдің қас жауы. Әйел үшін бұл салақтық қана емес, оның күшін жұтып қоятын түпсіз тесіктер. Дегенмен, мұндай ұсақ-түйекке еркекті мазаламай-ақ қойса балады. Неге? Еркек «Бүкіл кафель жарамсыз болып қалғанда бәрін тұтас ауыстырам. Текке қабырғаны сылай бергеннен не шығады» деп ойлайды. Ұсақ-түйекті жөндеушіге жасата салуға болады. Бірақ күйеуіңізге оның қолы тимегендіктен жасатып қойғаныңызды ескертіңіз. Еркектің өзін бағалауы өте нәзік тақырып. 
    26. Жоспарлау. Бітпеген іс пен күдік әйелді бұзады. Оған нақты жоспар керек. Өзінің қуатын сақтаудың басты шарты. Ұсақ-түйекті жоспарлап үйреніңіз. Содан кейін айларға, жылға жоспар құрып дағдыланасыз. Ертең кешке не істейсіз? 
    27. Мерекелік кеш немесе шырақ жағып керемет кешкі ас ұйымдастыра білу керек. Бұны сүйіктісінен гөрі әйел өзі үшін көбірек жасайды. Ерінің қызығушылығын арттыруға осылай тосынсый жасап тұрған артық емес. Сыйқырлы сәттерді сыйлай біліңіз. Өзіңізді де, жақындарыңызды да қуанта білу ғажап қой. 
    28. Баланы оқыту, тәрбиелеу. Баланы тәрбиелей жүріп әйел өз қуатын күшейтеді. Баламен қосылып ойнағаннан қашпаңыз. Қолыңыздан келген нәрсені үйретіңіз: сурет салу, ән айту, билеу. 
    29. Әртістік сабағы. Әйелдің әлемі – көңіл-күй сахнасы. Сахнада түрлі рөл сомдап жүріп, өзіңді жақсы түсініп қана емес, әр түрлі жаман әдеттен арылып, жақсыға бой үйретуге болады. 
    30. Табиғат аясына сейіл. Достармен шығу шарт. Әйел қуатын көтеретін бірнеше себеп бар: бірігу, табиғатта серуендеу, ас даярлау. 
    31. Макияж. Өзіңе күтім жасау. Еркекке ұнау үшін емес. Ең алдымен өзіңе ұнау үшін. Үйде жүргенде неше түрлі шаш үлгісін жасап көру, боянып тәжірибе жасау, әдемі көйлектерді киіп көру, айна алдында өзіңді керемет сезіну әйелге ләззат сыйлайды. 
    32. Гүл сыйлау. Өзің гүл сыйлау. Қуат-күшті өсіретін бір себеп ол – гүл. Гүл әйелді көріктендіре түседі. Олар бірден барлық жағымсыздықты жояды. Әйелдің бойындағы ашуды бойына сіңіріп алады. Сондықтан көңіл-күйіңіз түссе, жылауға асықпаңыз, өзіңізге гүл сыйлаңыз. 
    33. Көйлек пен белдемше. Мұндай киім үлгісі әйелдік қуатты нәрлендіреді. Нәзік етеді. Алғашқы жеті кездесуге шалбар киюге болмайды деген шарт бар. Әрине, егер ол адамда ойыңыз болса. Үнемі шалбар кию әйелдің жыныс мүшелеріне кері әсер етіп, дертке шалдықтырады. 
    34. Жас аналар клубы. Балаңыз жас болса, сондай баласы бар аналармен араласыңыз. Бұл тәжірибе алмасу ғана емес, қуат алмасу. Ана болу Айға айналу, ал айдың нұрына шомылу әйел қуатын еселейді. 
    35. Балаға қамқорлық. Күйеудегі құрбыңыз баламды қарап бер десе, басыңызды алып қашпаңыз. Қамқорлық таныту – әйел үшін қуаттанудың бастауы. Ең бастысы, еркекке бала сияқты қарамау. 
    36. Қол жайғандарға нан беру. Қайырымдылық – жақсы қасиет. Ол айдан алатын қуатты күшейтеді. Жұрттың бәріне көмектесу шарт емес. Сіз қуаныш сыйлай алатын адам жаныңыздан да табылар. Жалғызілікті көршіңізге жеміс апарып беріңіз. Жолы түскен қонаққа дастарқан жайыңыз. 
    37. Араласу. Әйелге өзгелермен араласпай қалу өте қиын. Әңгімеден күш алады. Тек айтылатын әңгіме өсек емес, тәуір әңгіме болғанын қадағалауды ұмытпағайсыз. 
    38. Романтикалық кино. Құрбыңызбен бірге киноға баруға келісіңіз. Махаббат туралы жақсы кино әйел үшін ұтымды пайдаланған уақыт болмақ. Бірақ оны басқа әйелдермен бірге көрген қызық әрі пайдалы. 
    39. Жаңа мәдениетті зерттеу. Адамның танымын кеңейтеді. Әйелге іште сыр сақтай бермей, өз әлемінен сыртқа шығуға итермелейтін әдіс. Әйел қуаты сыртқа шығуы тиіс. Оны алтын торға қамай берген жөн емес. 
    40. Қайнар бұлақ. Өзен, көлдегі демалыс – қуатыңды күшейтудің керемет тәсілі. Су – әйелдің тартымдылығының негізі, оның өзімен үйлесімділігін арттырады, жағдайға бейімділігін еселейді немесе ойын ашық айтуға бейімдейді. Ежелгі гректер Афродитаның ғибадатханасында сұлуларды суға жүзуді үйретуді міндет санаған. 
    41. Ағзаға салмақ салу. Күш-қуатыңыз азайғанын сезсеңіз, жаңа спорт түріне ден қойыңыз. Бұрын жасап көрмеген фитнес қана емес, жай ғана таңертеңгілік жүгіру де жарай береді. Бидің пайдасы зор. Егер жақсы көретін адамыңызбен айырылыссаңыз, оны ұмытудың ең жақсы тәсілі – биге жазылу. 
    42. Көйлектер. Әдемі көйлек – қуатыңызды арттыратын бастаудың бірі. Тек бір жаққа бару үшін әдемі киінбеу керек. Үйде де әдемі киініп жүріңіз.
    43. Ескіден құтылу. Ескі заттар, қоқыс пен шашылып жатқан дүние әйелдің күшін жеп қояды. Күрделі жағдайды бастан кешіп жатсаңыз, онда тазалықпен айналысыңыз. Қоқыстан құтылыңыз. 
    44. Саламатты өмір салты. Жаман әдеттің бәрі кері әсер ететінін айтып түсіндірудің қажеті бар ма екен? Оның барлығы әйелдің сұлулығы мен қуатына әсер етеді. Тек темекі тартуды ғана жаман әдет деу аз. Жалқаулық пен ашушаңдық дегеннен де тезірек құтылыңыз. 
    45. Поэзия. Өлең оқу әр әйелдің «менін» ашуға көмектеседі. Егер жазарыңыз болса, өз өлеңдеріңізді де жаза бастаңыз. Қағаз бетіне барлық көңіл-күй мен ынтызарлықты қалдыруға тырысыңыз. Дұрыс ұйқас әдемі сөйлеуге бейімдейді. Жағымды ойларға жетелейді. 
    46. Құстар мен жануарларды тамақтандыру. Қуат алудың ең бір жеңіл тәсілі. Терезе алдында құстарға нан тастайтын жер әзірлеңіз. Құстарды үйде ұстауға да болады. Шымшық ұстасаңыз, ол сәтті күйеуге шығуға септеседі. 
    47. Мұражай мен көрмелерге жиі барып тұрыңыз. Барлық сұлу заттар әйелді сұлу етеді. 
    48. Ұстазбен сөйлесу. Өзіңіз сүйіп оқитын адамның лекциясына барып, тыңдап көріңіз. Тренингтерге қатысыңыз. Кітаптар сізге керекті білімді береді. Дегенмен автормен кездесудің әсері бөлек. Одан алатын қуатыңыз ерекше болмақ. 
    49. Күнделік жазу. Өз ойыңыз бен тілектеріңізді қағаз бетіне түсіруді ұмытпаңыз. Күнделік бетіне сурет салуды әдет қылыңыз. Сезімдеріңіз өте маңызды. Оларды жазып отыру маңызды. Эмоцияның қуатын ішіне жинаған әйел оны қарсы алдында шай ішіп отырған күйеуіне шығарады. Мұның жақсы еместігін білу керек. Ойды жазу олар туралы сараптап отыруға мүмкіндік береді. 
    50. Сурет альбомы. Оған ең күшті суреттеріңізді жинап қойыңыз. Өзіңізге қарап сүйсінуден талмаңыз. Сіз әрдайым сүйкімді екеніңізді біліп жүріңіз!
    51. Тілек анықтау. Өзіңізге арнап жақсы тілектер таңдаңыз. Нені қалайсыз, қарым-қатынастан не күтесіз. Мен істей аламын дегеннен қашыңыз. Істеу –

еркектің міндеті. Еркектер “мен оны жаулап ала аламын, мен оған үйленемін» деп айтады. Ал, әйел осылай ойласа, ол еркекшора бола бастайды. «Мен сұлу болғым келеді, оған ұнағым келеді, тұрмысқа шыққым келеді» дегенмен «мен үйленемін, мен сұлу боламын» дегенді салыстырып көріңіз. 
52. Ыстық лебіздер. Қысымсыз, дөрекі емес сөйлесуді үйреніңіз. Әйелдің әдемі, майда тілмен сөйлеуден күші еселенеді. Бейпіл сөйлеу әйелдік күшін жояды. 
53. Тіл алу. Салғыласу, сөз жарыстыру сияқты әрекеттер әйел күшін ұрлайтын тірліктер. Жұмсақ әрі қарым-қатынасқа ашық болыңыз. Ұрысып жүріп еркекті байлап ұстау әйелдің болмысын бүлдіреді. Еркек мұндай әйелді қаламайды. Ол өз іс-әрекетімен оған өзін еске салып тұрады. 
54. Төсек қатынасында өте талғампаз болу. Егер әйел бірнеше еркекпен қатар кездесетін болса, ол тез босап қалады. Тек сүйетін адаммен ғана бір болыңыз. Күйеуіңіз бар болса, оған адалдығыңызды сақтаңыз. Бір таныса салып төсектес болудан бас тартыңыз. Ер адамды қызықтыру үшін көп уақыт керек. Көп қуат кетеді. Оны төсекке шашып алмаңыз. 
55. Тазалық. Үйіңіз, тәніңіз, санаңыз сау әрі таза болсын. Үйде уақытылы тазалық жасаңыз. Өткен өмір туралы жаман ойларды сақтамаңыз. Қуат-күшіңізді көтеру үшін суға түсіңіз. Тазалық күш береді. 
56. Өзіңізді махаббатпен толтырыңыз. Өте маңызды нәрсе. Егер әйелдің жүрегі махаббат пен мейірімге толы болса, онда оның күш-қуаты тасиды. Егер сезімі болмаса, онда еркекке де ештеңе бере алмайды. Одан да зоры болуы ықтимал. Ол күшті еркектен ала бастайды. Бұл еркектің тығырыққа тірелуі. Жұмыссыздық. Қаражатсыз қалуы басталады. Дерт меңдейді. Жүрегіңізді сезімсіз қалдырмаңыз. Оны үнемі толтырып отырыңыз. Әйел беретін жақ. Ол не істесе де махаббатпен істеуі керек. 
57. Қолданбалы өнермен айналысу. Тоқу, тігу, ойып жасау. Өз қолыңызбен не істей алсаңыз, соны жасаңыз. Әйелдің қуатын арттыратын істер.
58. Өзіңізге және өзге әйел затына мақтау айта жүріңіз. Жақсы сөз – жарым ырыс. Жағымды сөз әйелді мықты ете түседі. Өзге әйелдер туралы жақсы сөз айту қиын болса, үндемей қоя салыңыз. Бұл мәселені шешуге тырысу керек. Өзге әйелді қабылдамау енемен, шешемен, әпке-сіңлімен ынтымақты болмауға әкеледі.Татулыққа бастаңыз. 
59. Кез келген сәтті, жағдайды махаббатпен қабылдау, бөлісу. Жақындарыңызды құшақтап, сүйіп қойыңыз. Оларға тек жылы сөздеріңізді айтыңыз. Басқа адамдарға да тек жылы қабақ танытыңыз. Күнге де, желге де, жаңбыр мен іштегі мұңға да тек жылы сөз айтыңыз. Мұң деген әйелдің ең басты ұстазы. Кез келген жеккөрушілік пен күрес әйелді қаңсытып тастайды. 
60. Гүл шоғын жасауды үйреніңіз. Гүлмен жұмыс істеу әйелге қуаныш сыйлайды. Жаңару, жаңғыруға бастайды. 
61. Дұрыс тамақтану. Өңдеуден өтпеген тағамдарды тұтынуға назар аударыңыз. Бақшада өсіп тұрған алманың қуаты қандай екенін еске түсіріңіз. Гамбургер жеп көріңізші содан соң. Айырмашылық сезіле ме? 
62. Еркелеу. Еркелеу – әйелге тән қылық. Жиірек еркелеңіз. Сонда өзіңізді түсінуге тырыса бастайсыз. 
63. Оңаша қалу. Үйде жалғыз қалатын сәттерден шошымаңыз. Күйеуге тек жалғыздықтан қашып шығуға болмайды. Жалғыз болған сәттеріңізді өзіңізді дамытуға жұмсаңыз. Етеккір келген күндерде әйел тек өзін ғана ойлайды ғой. Бұл табиғаттың жасап берген жеңілдігі. 
64. Жұмсақ ойыншықтар. Егер әлі күнге дейін жұмсақ ойыншық құшақтап жатқанды жақсы көрсеңіз, ол үшін ұялмаңыз. Әйелге жалғыз жатуға болмайды. Егер сезім мен қамқорлық жетіспесе, өзіңізге жұмсақ ойыншық сатып алыңыз. 
65. Айдың қуатымен жұмыс істеуді үйреніңіз. Айлы түнде далаға шығып жүріңіз. Айдың нұрымен ішетін суды қуаттандырыңыз. Оны сосын шомылған кезде пайдаланыңыз. Айдан көмек сұраңыз. Әйелге тән дерттер мазалаған кезде оның көмегі көп. 
66. Себепсіз сыйлық. Өзге бір адамға тосынсый жасаңыз. Содан өзіңіз мәз боласыз. Әйел беруші жақ. Берген сайын толыса береді. 
67. Қайырымдылық. Қуатпен бөлісу. Егер көмектесе алсаңыз, жасаңыз. Еш тартынбаңыз. 
68. Шашыңыздың түсін өзгертіңіз. Егер өміріңіз бір сыдырғы, өзгеріссіз болып кетсе, онда бастан аяқ өзгеріңіз. 
69. Жұпар иіс. Сізден үнемі әдемі иіс шығып тұруы керек. Әйел – ол гүл. Жаңа әтір әйелдік қуатыңызды күшейтеді. 
70. Арлы болыңыз. Өзіңіздің өзгешелігіңізге сеніңіз. Әйел – жаратушы жасаған ең ғажап керемет. Сіз ғажапсыз! Сіз сұлусыз! Өйткені, Сіз әйелсіз!

Руслан Нарушевич
Аударған Шынар Әбілдә

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    16/02 23:20 0 110
    2
    Сексен төрттегі тарихи жеңіс!
    16/02 14:08 0 1218
    3
    Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» дұрыс зерттелді ме?
    16/02 13:42 0 295
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
    16/02 10:42 1 333
    Жапон суретшісінің елді қаратқан ерекше суреттерін көрдіңіз бе?
    16/02 10:24 0 501

    Таныстырылғандар

    Ұзақ жасағың келсе, жүрегіңді аяла!
    Ұзақ жасағың келсе, жүрегіңді аяла!
    Ұзақ жасағың келсе, жүрегіңді аяла!
    Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін есте сақтайтын маңызды нәрселер.
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 16:46 0 863
    Отбасын жалғыз өзі асырап жүрген 13 жастағы Ағабек үйлі болды
    Отбасын жалғыз өзі асырап жүрген 13 жастағы Ағабек үйлі болды
    Отбасын жалғыз өзі асырап жүрген 13 жастағы Ағабек үйлі болды
    Анасына "неге жағдайымыз жоқ?" деп арызданудың орнына, өзі жағдай жасап жүрген Ағабектің тағдырына қазақстандықтар бей-жай қараған жоқ.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 15:09 0 17126
    1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)
    1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)
    1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)
    1998 жылы АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан 10 жастағы балалының мәйіті табылған.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 18:47 0 12090
    Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген сұлу бойжеткендердің бірі экстрадицияланды
    Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген сұлу бойжеткендердің бірі экстрадицияланды
    Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген сұлу бойжеткендердің бірі экстрадицияланды
    Қазіргі уақытта Орумбаева Астана қаласының тергеу изоляторында отыр.
    Аудио тыңдау
    09/02/2019 13:38 0 2226
    «Отқа үйітіп періштелер арманын, Керең билік қазып жатыр қабірін»
    «Отқа үйітіп періштелер арманын, Керең билік қазып жатыр қабірін»
    «Отқа үйітіп періштелер арманын, Керең билік қазып жатыр қабірін»
    Өлген артық бұл зұлматты көргенше.
    Аудио тыңдау
    10/02/2019 10:07 0 1261
    Біз баламызға не айтып жүрміз?
    Біз баламызға не айтып жүрміз?
    Біз баламызға не айтып жүрміз?
    Пайғамбарымыздың өзі (ﷺ): «Кімде-кім Ақырет күніне сенсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін»
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 09:37 0 368
    Азат Перуашев: Әбілқасымова үлкен қателік жасады
    Азат Перуашев: Әбілқасымова үлкен қателік жасады
    Азат Перуашев: Әбілқасымова үлкен қателік жасады
    Ата-ана шарасыздықтан барып отыр мұндай қадамға. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі неге көп балалы...
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 15:54 0 13447
    Шоқан Сыздықұлы: «Қара майор» туралы екі кітап жақында жарыққа шығады
    Шоқан Сыздықұлы: «Қара майор» туралы екі кітап жақында жарыққа шығады
    Шоқан Сыздықұлы: «Қара майор» туралы екі кітап жақында жарыққа шығады
    Қайтыс болды, ер батыр!
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 11:28 0 579
    Министр Әбілқасымова өзін "отставкаға кетсін" дегендерге жауап берді
    Министр Әбілқасымова өзін "отставкаға кетсін" дегендерге жауап берді
    Министр Әбілқасымова өзін "отставкаға кетсін" дегендерге жауап берді
    Министр алдағы уақытта мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданатынына сендірді
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 13:30 0 4825
    5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды
    5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды
    5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды
    Астанада 4 ақпан күні болған жантүршігерлік оқиғада бір үйдің 5 қызы тірідей өрттің құрсауында қалған болатын
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 11:48 0 4089
    Көп балалы аналардың жанайқайы: Үй сұрап, әкімдіктің табалдырығын тоздырғаныма 14 жыл болды
    Көп балалы аналардың жанайқайы: Үй сұрап, әкімдіктің табалдырығын тоздырғаныма 14 жыл болды
    Көп балалы аналардың жанайқайы: Үй сұрап, әкімдіктің табалдырығын тоздырғаныма 14 жыл болды
    Жоғарыда ШҚО-дағы жоқшылықта күн көріп келе жатқан отбасылардың тек бір аз бөлігінің ғана жағдайлары баяндалған
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 14:10 0 1913
    Батырхан Шүкеновті "Ауған соғысының ардагері" медалімен марапаттамақ
    Батырхан Шүкеновті "Ауған соғысының ардагері" медалімен марапаттамақ
    Батырхан Шүкеновті "Ауған соғысының ардагері" медалімен марапаттамақ
    Қазақтың белгілі әншісі, композитор Батырхан Шүкеновтің естелік медалі оның анасына табысталады
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 14:37 0 1386
    Қазақта бұрын "бренд" болған ба?
    Қазақта бұрын "бренд" болған ба?
    Қазақта бұрын "бренд" болған ба?
    Әлемде жылқы жануарын қолға үйреткен "қазақ халқы" деген ғылыми тұжырым айтылып жүр
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 15:50 0 561
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    Назгүл Кенжетайдың зерттеулері шетелде жоғары бағаланған.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 14:08 0 1037
    Ауғандардың тәуелсіздік символына айналған "көк көз ару" кім?
    Ауғандардың тәуелсіздік символына айналған "көк көз ару" кім?
    Ауғандардың тәуелсіздік символына айналған "көк көз ару" кім?
    Расында, сурет ерекше еді. 1985 жылдың маусымында «National Gepgraphic» журналының басты басты бетінде пайда болды.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 16:18 0 1556