• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:24:21
Алматы
+35°

27 Тамыз, 2018 NEWS

"Айдос секілді мықтылардың "штаттан тыс" жүретіні жанға батады"

Айдос Сарымның Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалуына байланысты Әміржан Қосанов пікір білдірді

Айдос Сарымның Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалуына байланысты Әміржан Қосанов пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы саясаткер өзінің фейсбук парақшасына жариялаған болатын. 

"О бастан мен қоғам мен билік арасындағы диалог мәселесі абстрактілі, нақты мән-мазмұны, іс-қимылы жоқ ұрандардан гөрі ортақ тақырыптар мен жобалар бойынша нақты тірлікке ұласуы керек екенін айтып жүрмін.
Айдос секілді танымал, өзіндік позициясы бар азаматтың демократиялық ұйымдар қатарында жүріп, өкіметпен де тіл табысуын заманауи, мемлекетті алға жетелейтін трендтің бірі деп білемін.
Сол себепті биліктің осынау шешімін, Айдос бауырымның қадамын қолдаймын.
Интеллектуал, ұлтшыл әрі мемлекетшіл күштер билікке келу процесі де осымен тоқтап қплмай, өз жалғасын табуы тиіс.
Өзі айтқандай, ол "Жаңа Қазақстан" Форумының қатарындағы қызметін жалғастыра бермек. Біздің Форум да оппозициялық сыңайда болып, халық пен билік арасындағы шынайы, принципті диалог туралы айтып келеді емес пе?

PS. Тек қана Айдос секілді мықтылардың "штаттан тыс" жүретіні жанға батады. Ондай жігіттер "штатқа кіріп", елге, ұлтқа, мемлекетке еңбегін сіңіретін кездер де алыс емес!", дейді Әміржан Қосанов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір