• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:58:57
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2019 NEWS

Айдос Сарым көпбалалы аналар жайында: Кезектегі аналарды қимайсың

Екі-үш рет темекі шегуге шыққаныңды қылмыс санап, қуыстанады екенсің.

Айдос Сарым әлеуметтік желідегі Facebook парақшасында көпбалалы аналармен жұмыс істеу туралы пікірімен бөлісті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы күндері көпбалалы аналар мен отбасылар мәселесімен біраз етене араласып, зерттеуге тура келді.  Кеше күні-бойы аналармен кездесіп, құжаттарын қабылдадым.  Қабылдауға келген жүз ананың қырықтан астамымен сөйлесіп, барынша көмек беруге тырыстым.  Шынын айтайын, бұрын да аз-маз қайырымдылық, көмек шараларын жасадық, қатыстық. Бірақ күн сайын бұндай жұмысты атқару үшін жүрек пен нерві қажет екен. Бұл жұмысқа тек арнайы дайындығы, ішкі талабы, мұраты бар адамдар қатысып, араласпаса, қалғаны бекершілік болады екен.  Жылдар бойы әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің де жұмысы оңай емес екен. Сан түрлі мінез, темперамент, психология тоғысқан жерде салқынқандылық сақтау, дауыс көтермеу, ұрсыспау да қиынның-қиыны сияқты болып көрінді. Бұндай жұмыс кез-келген адамды тоздырып, тасжүрек ете ме деп қалдым. Екінің бірі де: я әр адамға өз жүрегің мен жаныңның бөлігін бересің, я тастай қатқан робот боласың деген сөз.  Сондықтан өз басым меморгандар мен аналардың арасында дәнекер болатын, үлкен жұмыс пен міндет жүгін жеңілдететін ұйымдардың көбейгенін қалаймын.  Өзгені білмеймін, кеше келгеннен жұмысқа кірісіп кеттік. Түстенейін десең, кезектегі аналарды қимайсың. Екі-үш рет темекі шегуге шыққаныңды қылмыс санап, қуыстанады екенсің.  Қысқасы, бір күнде 46 анамен кездесіп, бағыт беріп, заңды айтып, 39 адамның құжатын қабылдап алдым. Бүгінде қорға мыңнан астам адамның құжаты мен талаптары түсті. Алғашқы легіне көмек көрсетіліп жатыр. 

Айдос Сарымның Facebook парақшасынан

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір