• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:20:15
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018 NEWS

Ахметжан Есімов: Біз ҚР СІМ-мен тығыз жұмыс жасайтын боламыз

Біз үш компанияны IPO-ға шығарып, кейін 50 мекемені жекешелендіруге жіберуіміз керек, - деп атап өтті А.Есімов

2018 жылғы шілденің екісі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов кездесу өткізіп, Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар шетелдік инвестицияларды тарту, еліміздің энергетикалық кешенін дамыту, транзиттік-көлік әлеуетін іске асыру, қазақстандық экспортты ілгерілету және 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру мәселелеріне қатысты өзара іс-қимылдарын үйлестіру жұмыстарын күшейту  жөнінде келісімге келді. 

Өз сөзінде Ахметжан Есімов аталған құжатқа қол қою Мемлекет басшысының экономикалық сипаттағы кең ауқымды мәселелер бойынша тапсырмаларын орындауда маңызды кезеңге айналғанын атап өтті.

«Біз, қол қойған құжат бойынша, ҚР Сыртқы істер министрлігімен тығыз жұмыс жасайтын боламыз. Самұрық-Қазына қорының биылға қойған мақсаттары - өте үлкен. Біріншіден, біз үш компанияны IPO-ға шығарып, кейін 50 мекемені жекешелендіруге жіберуіміз керек. Оған қызығып жатқан шетелдік инвесторлар да аз емес», - деп атап өтті А.Есімов. 

ҚР Сыртқы істер министрлігі меморандум аясында шет ел экономикасының бәсекеге қабілетті салалары мен компаниялары бойынша өзекті ақпараттық-талдау материалдарын, сондай-ақ Қордың экономикалық тақырыптағы халықаралық іс-шаралар күнтізбесіне енгізу үшін шет елдерде жоспарланатын барлық маңызды іс-шаралар, елімізге  келуді жоспарлаған шетелдік бизнес-делегациялар  туралы ақпаратты ұсынуға, тұрақты негізде шет елдерде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге жәрдем көрсетуге дайындығын білдіріп отыр.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір