• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:05:59
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 Әлеумет

Аутизм сырқаты — сенің де мәселең

Айналаңызға қараңызшы. Жеткізе назар салыңыз. 10 секунд ойланыңыз...

10 секунд ойланыңызшы, айналаңызда жанарымен тіке қарай алмай жасқанатын, көз тоқтатып қарап тұра алмай тайсалатын бір бала бар ма? Біртүрлі оғаш мінез көрсетіп жүрген бала байқадыңыз ба? Айналаңызда аяғының ұшымен басып, бір бала теңселіп жүр ме? Маңайыңыздан айналатын заттарға ерекше таңғала қарайтын бір бала танисыз ба? Төңірегіңізден қалаған нәрсесін сұқ саусағымен көрсете алмайтын бір бала көрдіңіз бе? Жан-жағыңызда сөйлегенде кеміс тұратын бір бала білесіз бе? Қасыңызда өзі қатарлы балалардың ойнына мүлде қызығушылық танытпайтын бір бала бар ма? 10 секунд ойланыңызшы, төңірегіңізде атын шақырсаң реакция көрсетпейтін бір бала бар ма? Мұндай бала танысаңыз, ол бала аутизмды болуы мүмкін.

Аутизм – әлем бойынша әлі толық зерттелмеген ауру. Бала бойындағы тежелістер, өзінен-өзі оқшаулануы, сөйлей алмауы немқұрайлы қарайтын мәселе емес.  Грек сөзінен аударғанда «өзім» деген мағынаны білдіретін аутизм ауруы аты айтып тұрғандай баланың өз әлемінде жеке қалып, сыртқы құбылыстарды, өзгерістерді мүлде қабылдамайтын оқшаулану синдромынан туындайды.

Неге аутизмнен сөз қозғадық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша Қазақстанда аутизммен ауыратын 35 мың бала бар. Ал, мемлекетте сырқат ретінде тіркелгені 1 қаңтарда берілген ресми мәлімет бойынша 3820 бала. Бала ертеңізміз, ұрпақ отанның болашағы.

Психологтар аутизмге шалдыққан балалармен неғұрлым ертерек айналысса, көп нәрсені түзетуге болатынын, жақсы нәтижеге қолжеткізуге болатынын айтады. Аутизммен сырқат балалардың сыртқы келбеті дені сау баладан өзгеше емес. Олардың әрекеті, ойыны басқалардан парықты. Неврологиялық сырқатпен ауыратын балалар 2006 жылы әр 150 баладан бірі болса, қазір әр 68 баланың бірі. Демек аутизм жай қарайтын мәселе емес. Келешекте сіздің жақындарыңыздан табылып қалуы да мүмкін. Бұған дейін аутизммен ауыратын балаларды тек арнайы мектептер, орталықтарда бөлек бейімдейтін. Алайда бүгінгі әлемдік тәжірибе аутизм белгісі анықталған баланы оқшаулаудың қате екенін көрсетті.

Қазақстанда аутизмді емдейтін, оның алдын алатын мамандар жетпейді. Психологиялық ауру болғандықтан аутизм сырқты бар балалар адамдардың қарым-қатынасына, өздеріне көңіл бөлгеніне, өздері сияқты қарағанына мұқтаж. Психологтар ана махаббаты аутизмге шалдыққан балаларды тығырықтан шығара алатын басты жол дейді.  Ал, біз олай істейміз бе? Біз жұмысты сылтауратып дені сау балаларымыздың өзіне дұрыс қарамаймыз. Интернетін, теледидарын қосып беріп, оңаша бөлмеге қамап кетсек оларға жеткілікті деп ойлаймыз. Әр күні уақыт шығарып олармен әңгімелескенді білмейміз, қалауы не, арманы не, аңсары не екенін сұрай бермейміз. Балалардың мұңын, ішкі тілегін, балалық мұратын тыңдай алмаймыз... Яғни, аутизм деген назар жеткіліксіздігі.

Қазақстанда қазір аутизммен күресте «Болашақ» корпоративтік қоры, «Ашық Әлем» қоғам қоры, «Асыл Мирас» қоры бастамашы болып, жыл сайынғы 2 сәуір аутизм туралы хабар таратудың халықаралық күнінде шаралар ұйымдастырып, қоғамдық бастамалар көтеріп келеді. Аутизммен күреске сіз де, біз де атсалыса аламыз. Ол үшін тек айналамызға назар сала білсек, өз ортамызбен жақсы қарым-қатынас құра білсек, жақындарымыздан қал сұрасып тұрсақ болғаны. Балалармен бірге ойнай біліңіз, ойлана біліңіз, бірге жаттығыңыз, бірге тамақтаныңыз. Яғни, ұмтылыста болуына дем беріңіз!

Егер сіз осы мақаланы аяғына дейін оқысаңыз, экраннан басыңызды көтеріп, айналаңызға қараңызшы. Жеткізе назар салыңыз. 10 секунд ойланыңыз...

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір