• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:30:29
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2018 Саясат

"Әумесер" Трамп әумесер емес екен

Трамп қадалған жерінен қан алатын бәле. Егер де Ресейді аюға теңесек, Трамп сол аюды жуасытып келеді.

АҚШ Президенті Қытайға қыр көрсетіп, сайда дисбаллансын жоямыз деп Қытайға мінез көрсеткен еді. Ресей эксперттері Қытай мен АҚШ жауласатын болды деп алақайлаған, бірақ Қытай АҚШ-пен конфронтацияға бармай, аталған мүдделер қайшылығын толық жоймаса да жұмсартпақ. АҚШ талабы негізінен орындалмақ. Трамп әумесер емес екен. АҚШ президенті Еуропалық Одаққа қыр көрсетіп сайда: Сендер біздің мойнымызға мініп алдыңдар, НАТО-дағы әскери шығындарыңды көтеріңдер. Біздің талабымыз –өздеріңнің Ішкі Жиынтық Өнімнің көлемінің 4%, ал сендер 2-3%-дан аспайсыңдар, тоқтатыңдар әділетсіздікті деп жер тепкіледі. Еуропалық Одаққа біздің мүддемізге қайшы саясат жүргізіп келеді. Мәселен, Трамп «Германия Ресейден газ сатып алып, Ресейдің экономикалық және әскери бюджетін күшейтіп келеді. Бұл дұрыс емес»,-деді де  АҚШ «Северный Поток – 2» газ құбыры құрылысына санкциялар салды. Әумесер Трамп әумесер емес екен. Еуропалық Одақ Трамптың сөзіне ойланып қалды. Есесіне Таnap Түркия арқылы Орта Азия газы Еуропаға кетті. Ресей санын сабалап жылап қалды. Бұрын Түркменстан мен Әзірбайжан газ байлығын арзанға сататын. Енді қазақтың газы мен мұнайы альтернативалық Ресейден бөлек сауда жолын тапты. Қытайдың да көңілін тапты яғни Жібек жолы темір жолын ашып берді. Каспий теңізінен өтетін дәліз ашты. Қытайдың көңілі толды,  рақымсыздық көрсетті (Қытай қазағын жаншып келеді). Әрине, Қытай бізден қаймықпаса да, АҚШ-тың Қытайға қосымша санкцияларынан сескенеді. Қытай қазақтарына Атамекенге келем деушілерге көшіп кетуге рұқсат беруге мәжбүр болады. Қытай ССРО-ың кебін киеді дегенмін. Қытайдағы авторитарлық-тоталитарлық коммунистік режим нарықты шектеп экономикалық қарқынды тежеді: 11%-дан  6%-ға құлдырап барады. Аталған  6% экономикалық өсімнің жартысы “приписки-қосып жаз”. Қытайдағы экономикалық қарқынның құлдырауы халық наразылығын тудырады, ал халық наразылығын ауыздықтау үшін коммунистік номенклатура репрессияларды үдетеді. Қытайдың төл жұртшылығы  94%   - хань тектілер. Қытай билеушілері төл жұртшылығы  94%   - хань тектілерді империялық пиғылмен бұзды. Респрессияларды бастады. Тибеттіктерді жаншу бұрын кері нәтиже берген. Ұйғырлар мен қазақтарды “діншіл, сепаратист  және террорист ұлттар” ретінде қаралап көрсетті. Әумесер Трамп әумесер емес екен. Трамп Ресейді экономикалық, финанстық, технологиялық санкциялармен тұншықтырып келеді. Трамптың жоспарында 2019-2020 жылдары Ресей дағдарысы коллапсқа ұласып, ыдырауға апарады. Ресей милитарланған ядролық қаруы бар мемлекет, сондықтан іс насырға шаппасын деп “әумесер” Трамп нағыз  әумесер Ресей басшысы Путиннің көңілін аулайды. Сонымен Трамп пен Путин ескі дос. 2013-2014 жылдары олар өзара кездесіп, достасып үлгірген. Ресей – шыққыншы мемлекет. Оқшауланған Ресей басшысы – Путинді жұбатып Қырымды Украинаға қайтаруды, Шығыс Украинадан Ресей әскерінен босатуды   ойластырмақ. Бірақ Путиннің шегінетін түрі жоқ. Олай болса санкциялар үдей береді. Трамп қадалған жерінен қан алатын бәле. Егер де Ресейді аюға теңесек, Трамп сол аюды жуасытып келеді. Трамп әумесер емес екен...

Әзімбай Ғали

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір