• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:55:00
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2018 Денсаулық

Ауызашардан кейін ауруханаға түскендердің неден уланғаны белгілі болды

Әрі тексеріс кезінде пісірілген еттің түсі жасыл, иісі жағымсыз болған көрінеді.

Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қарағандыда ауызашарда уланғандардың жағдайы туралы айтты.

Бекшиннің айтуынша, 30-ға тарта адамды ауызашарға шақырған үй иелері азық-түлікті сақтамаған. Қонақ күтуге бірнеше күн бұрын дайындалғандықтан тәттілерді салқын жерге қоймаған. Ал таңертең піскен ет кешкі тоғызға дейін тұрған. Дәрігер осындай себептердің салдарынан қонақтар уланған болуы мүмкін дейді.

 

Әрі тексеріс кезінде пісірілген еттің түсі жасыл, иісі жағымсыз болған көрінеді. 

Ауруханаға 20 адам түскен екен, оның төртеуі - балалар. Дәрігердің айтуныша, науқастарға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр. 

Айта кетейік, Қарағандыда осыдан үш күн бұрын ауызашарға барғандар бүгінде аурухана төсегінде жатыр. Барлығы да сол отырыстан кейін өздерін жайсыз сезініпті. Ересектердің ағзасы алғашында сыр бермесе, кішкентай балалардың бірден іші өтіп, ыстығы көтерілген. Жансақтау бөлімінде жатқан кішкене балалардың жағдайы тұрақты түрде ауыр деп бағаланып отыр. Бәріне тиісінше ем-дом жасалып жатыр екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір