• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:36:08
Алматы
+35°

02 Қараша, 2018 Спорт

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты тікелей эфирден көрсетіледі

Ал, әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (55 кг) мен Надежда Лихачева (71 кг) А тобында жарысқа шығатын болады.

2-10 қараша аралығында Түрікменстан астанасы Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасынан 20 спортшы қатысады деп жоспарланған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Qazaqstan" РТРК-ның баспасөз қызметіне сүйене отырып.

Айта кетейік, 20 қазақстандық атлеттің тек жетеуі ғана А тобында жарысады. Қалған 13 спортшы В және С тобында сынға түседі. А тобында жарысқа түсетіндер арасында Рио олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов (73 кг), Арли Чонтей (55 кг), Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков (102 кг), Азия чемпионы Рүстем Сыбай (96 кг) және команда құрамында Илья Ильин (102 кг) бар. Алайда Илья Ильин денсаулығына байланысты жарысқа қатыспайтын болыпты.

♦"Үш күн тоқтаусыз іштім, өлгім келді". Илья Ильиннің шындығы

Ал, әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (55 кг) мен Надежда Лихачева (71 кг) А тобында жарысқа шығатын болады. 

Біздің спортшылар қатысатын әлем чемпионатын "Qazsport" арнасы тікелей эфирдер көрсетеді.

        

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір