• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:18:20
Алматы
+35°

18 Қыркүйек, 2018 NEWS

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – мемлекетіміздің экономикалық дамуының қарқынын тездету және цифрлық технологиялар арқылы ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Осыны жүзеге асыру үшін телекоммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту қажет. Осыған орай Министрлікпен бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр (КЖҚ, ЛТЕ, 5G).

«Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша

Аталған жобаның әлеуметтік маңызды, ұзақ мерзімді (14 жыл), республика бойынша аналогы жоқ жоба екендігін ескере отырып министрлік Kazakhstan Project Preparation Fund компаниясын тартты. Бұл компания мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының 14 жыл ішінде мемлекеттің және көрсетілетін қызметті алушылардың тәуекелдерін барынша азайту мақсатында консультациялық қолдауды жүзеге асырады.

Қазір Министрлік конкурстық комиссия мүшелерімен, жеке әріптестермен және Kazakhstan Project Preparation Fund компаниясымен бірге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тәуекелдері бойынша қарқынды және жан-жақты талқылау жүргізіп жатыр.

Аталған жобаны іске асыру талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясын қолданумен еліміздегі 1 249 ауылдағы мемлекеттік органдарды және бюджеттік мекемелерді байланыс желісіне қосуға мүмкіндік береді, байланыс арналарының өткізу қабілеті кемінде секундына 50 Мегабитті құрайтын болады. Бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға мүмкіндік жасайды.    

LTE/WLL технологияларын пайдалана отырып, сымсыз радиоға қол жеткізу желілерін құру бойынша, ауылдық жерлерде

2018 жылдың 11-ші сәуірінде Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Оның қорытындылары бойынша «Востоктелеком» ЖШС халық саны 50 және одан да жоғары ауылдық елді мекендерде LTE/WLL және басқа да технологияларды пайдалана отырып сымсыз радиоға қол жеткізу желісін салу үшін 791-801/835-842 МГц (Мегагерц) диапазондағы жиіліктерді бөлу туралы шешім қабылданды.

Осы іс-шараның шеңберінде «Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамы («Востоктелеком» ЖШС) 2021 жылдың соңына дейін халық саны 7 миллион 622 мың 927 адамды құрайтын 6 212 елді мекенді Интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарланған.

Осылайша, 6 212 елді мекеннен:

1) 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін  халық саны 5 миллион 209 мың 349 адамды құрайтын 3 166 елді мекенді LTE/WLL технологиясы арқылы Интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. (жылдамдығы кемінде 2 Мбит/с).

2) Ал халық саны 2 миллион 413 мың 578 адамнан тұратын 3 046 елді мекенді қолданыстағы желілерді жаңарту шеңберінде қамтамасыз ету жоспарланған. (жылдамдығы кемінде 1,5 Мбит/с).

Бүгінгі таңда сымсыз радиоға қол жеткізу желісін салуды бастау үшін  дайындық жұмыстары аясында базалық LTE/WLL станцияларының санын айқындап, есептік жоспарлау жүргізіліп жатыр.

Осы іс-шара аясында 2021 жылдың соңына дейін 6 212 елді мекен жоғарғы жылдамдықты Интернетпен қамтылады. Халық цифрлық қызметтерге қол жеткізеді. Ауыл тұрғындары электрондық мемлекеттік қызметтерді еркін алады.  Электрондық сауда құралдарын, сондай-ақ Цифрлық Қазақстан бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін пайдаланады.

ІІ. 5G жобасының мәртебесі бойынша

5G ұялы байланысын Қазақстан Республикасының аумағына енгізу Халықаралық электробайланыс одағының 5G стандартын қабылданғаннан кейін мүмкін болады.

Халықаралық электробайланыс одағы 5G стандартын қабылдағаннан кейін ғана телекоммуникациялық жабдықтардың өндірушілері қабылданған стандарт бойынша жұмыс істейтін тиісті құрылғыларды жаппай өндіруді бастайды. Өз кезегінде Министрлік 2019 жылдың 2 тоқсанында 5G ұялы байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр.

5G ұялы байланысын пилоттық тестілеу үшін Министрлік жиіліктерді іріктеу жұмысын Астана, Алматы  қалаларында және Ақмола, Алматы облыстарында жүргізіп жатыр.

Министрлік жуық арада 5G мобильді байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізу үшін байланыс операторын анықтауы қажет.

ІІІ. Деректерді өңдеу орталықтары

2010 жылдың тамызынан бастап Мемлекеттік органдардың серверлік орталығы өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

Қолда бар Сервер орталығының қолдану мерзімінің артуына (қазіргі уақытта 5 жылдан астам құрайды) және инфрақұрылымның тозуына байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау тәуекелі (риск) артып келеді. Сервер орталығының жобалық қуаты – 145 тірек орындардан тұрады. Осылайша технологиялық запаспен қамтамасыз етілуі тиіс. Мемлекеттік органдардың өңделетін, сақталатын және берілетін ақпарат көлемінің жыл сайын ұлғаюына байланысты, болашақта сервер орталығында ресурстар мен кеңістіктің болмау қаупі бар.

Коммерциялық деректерді өңдеу орталықтарында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін орналастыру үшін Ақпараттандыру объектілерін екі топқа бөлу ұсынылады.

Сенімділіктің, ақауларға төзімділіктің және ақпарат қауіпсіздігінің жоғары талаптары қойылатын 1-класстағы ақпараттық жүйелер Серверлік орталықта орналасады.

2-ші және 3-ші классқа жататын және жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтатылуы төтенше әлеуметтік жағдайға немесе зардаптарға әкеп соқпайтын ақпараттық жүйелерді коммерциялық деректерді өңдеу орталықтарында орналастыру қарастырылған.

Үлкен деректердің технологиялық анализін құру

Қазіргі уақытта технологиялық орталықтың құрылысы мемлекеттік орган ақпараттық ресурстарының одан әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Жоба Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін дамыту үшін инфрақұрылымдық алаңға айналады және ауқымды деректерге талдау жүргізуге арналған, сонымен қатар 1 класты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі орналастырылатын болады және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шаралар жоспарынан цифрландырудың болашақ жобалары үшін қуаттылықтарды ұсынады.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір