• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:01:29
Алматы
+35°

04 Тамыз, 2018 NEWS

Ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы институтының базасында ауыл шаруашылығы саласына инновацияларды енгізу мәселесі бойынша кеңес өтті

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы институтының базасында ауыл шаруашылығы саласына инновацияларды енгізу мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңесте Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеев Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығы басқармалары мен әкімдік басшылары, бейінді ғылыми-зерттеу ұйымдары және ЖОО жетекшілері, сондай-ақ алдыңғы қатарлы фермерлік шаруашылық пен ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты аграрлық өнеркәсіп кешенін цифрландыру мәселесі мен өзекті күн тәртібін белгілеу үшін алдыңғы қатарлы агротехнологияларды енгізуге, бірлескен шешімдер нұсқасын әзірлеу секілді мәселелерге қызығушылық танытушы тараптардың барлығын бір алаңға жинау болды. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауындағы алға қойған стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған шешімдердің ішінде ең бірінші кезекте АӨК-да еңбектің өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін кем дегенде 2,5 есеге арттыру мақсаты тұр.

Кездесу барысында қатысушылар ауыл шаруашылығына инновация енгізудің келешегі мен қазіргі нәтижелерін талқылады. Мемлекет ауыл шаруашылығындағы тиімді шешімдер – трансферт, бейімдеу және апробация бойынша шығындарды өз мойнына алу секілді Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүзеге асырылған жобалар бизнес үшін қосымша шығындарсыз әлемдік үздік жетістіктерді қолдануға мүмкіндік беріп отырғаны айтылды. Соның ішінде цифрлық технологиялар мен нақты егіншілік мәселелерін де айта кеткен жөн.

Қазақстанда аграрлық ғылым «ғылым – білім беру – өндіріс» қағидасы бойынша тығыз өзара әрекеттесу мен бірігуге бағытталған. Тиімділіктің нақтыланған көрсеткіштері мен қолға алынған технологиялармен жабдықтау отандық бизнес үшін экономикалық шығындарды айтарлықтай қысқартып, өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жиыннан соң қатысушылар Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы институтының егістігінде енгізілген жаңа технологиялар нәтижесімен танысып шықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір