• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:51:19
Алматы
+35°

24 Тамыз, 2017 NEWS

Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға арналған жеңілдетілген несиелер

Көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың бір түрі – отандық техникалар мен жабдықтарға жеңілдетілген несие беру

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бірінші вице-министрі Қ.Айтуғановтың қатысуымен АӨК-ті техникамен қамтамасыз ету тақырыбында брифинг өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Брифингке қаржы институттары мен машина жасау зауыттарының өкілдері қатысты.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов шаруаларға отандық аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын алудағы жеңілдіктерді атап өтті.

Бүгінде республика бойынша ауыл шаруашылығы техникасы негізгі түрінің 284 мың данасы бар. Оның 70%-ның эксплуатациялау мерзімі 15 жылдан асады. Ауыл шаруашылығы техникасын дамыту және жаңалау үшін Министрлік тарапынан бірқатар іс-шаралар жоспары әзірленді.

Көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың бір түрі – отандық техникалар мен жабдықтарға жеңілдетілген несие беру.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы Н.Сарыбаев жеңілдетілген несие бағдарламасының шарттары мен тетіктері туралы хабардар етті.

«КазАгро» ҰБХ АҚ-ның қаражаты есебінен жылдық мөлшерлемесі 5,5%-дан аспайтын 10 жылға дейінгі мерзімге шаруаларға жеңілдетілген несие беру қарастырылған.

Отандық кәсіпорындардан шыққан аспалы және тіркемелі жабдықтарға жеңілдетілген несие беріледі. Осындай отандық ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындардың бірі – Ақмола облысындағы «Қазақстан Агро Инновациялық корпорациясы» ЖШС болып табылады.

«Қазақстандық агро инновация корпорациясы» ЖШС бас директоры О.Балыбин ауыл шаруашылығы техникасын шығару және іске асыру бойынша ерекшеліктерді атап, «КАИК» ЖШС Қазақстанның кез келген аумағына сатуға мүмкіндігі бар екендігін айтты.

Аталған кәсіпорын қазіргі таңда сұранысқа ие бағасы қымбат емес аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруды аттыратындығын атап өтті.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникаларын механизациялау Қазақ ғылыми зерттеу институтымен топырақ өңдеу және егіс ауыл шаруашылығы техникасын егістік алаңдарына бейімдеп құрастырып беру бойынша келісім жасалды.

Аталған іс-шара қолда бар қуатты арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнімнің жаңа түрлерін ашуға, шығарылатын өнімнің түрлерін көбейтуге, сипаттамалары бойынша шетелдік баламаларынан кем түспейтін сапалы және арзан отандық техника өнімімен шаруалардың қамтылуына мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір