• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:00:37
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2018 Әлеумет

Ауыл келіні: Күйеуімнің қолы менікінен нәзік-ау...

Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды.

Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Ия бұл менің қолдарым. Ия, білемін, сүйріктей емес шығар бәлкім… Қолғап киіп, аяп жұмыс істейтіндей,нәзік те әппақ емес. Қойшы, сенің қолың емес, еркектің жуан қолы дейтін де шығарсыздар. Қаладан келген қайныларыммен амандасып, қолын қысқанда ұялып кетемін. Тіптен күйеуімнің де қолы менікінен нәзік-ау. Осы қолдарыммен үйімнің жұмысын, енемнің қабағын, күйеуімнің бабын жасап ақ жүрмін.

Балаларым үшін мамық жастықтай болса, тілімді қысқартып, қолымды ұзартып, аянбай адал қызметімді атқарамын. Қолдарым қалт етсе өмірден түйген әңгімелерді жазып, қарапайым өмірімнің бір бөлігін жазып,сіздермен бөлісіп, алғыстарыңызға бөленіп жүрмін, Аллаға шүкір. Күн санап қосылып жатқан оқырмандарым осынау шынайылығымның арқасы болар?! «Мынау кім өзі?», — дейтін оқырмандарға айтарым: мен жай ғана қарапайым келіншекпін. Өмірді сүріп,көпті көріп қоймасам да өз түйгенімді жазғанды ұнатам. Кереметтей сұлу емес шығармын, менің барым осы. Осылай жаратқан Құдайға мың да бір шүкір. Әдемі болмаса да сіз бен бізді жалғап отырған инстаграм мен қайыстай қара қолдарым аман болсын», — деп жазды Қапалдың келіні атанған Айдана есімді келіншек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір