• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:42:53
Алматы
+35°

31 Желтоқсан, 2018 NEWS

Ауғанстанда президент сайлауы кейінге шегерілді

Сайлау кезінде "Талибан" шабуылы жиілеген. Қазір Ауғанстан билігі "Талибан" қозғалысымен келісімге келуге тырысып жатыр.

Ауғанстанда 2019 жылы сәуірде өтуі тиіс президент сайлауы маусым айына шегерілді  Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып хабарлайды. Сайлауды кейінге шегеруге кандидаттардың кеш тіркелуі және дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері себеп болған. 

Президенттікке кандидаттарды тіркеу 22 желтоқсанда ашылған. 2 қаңтарда аяқталуы тиіс. Сайлау комиссиясының төрағасы Заби Садаттың айтуынша, тіркеліп жатқан кандидаттардың саны аз.

Сайлау комиссиясы 2018 жылы қазанда өткен парламент сайлауының дауыстарын әлі санап біткен жоқ. Сайлау кезінде "Талибан" шабуылы жиілеген. Қазір Ауғанстан билігі "Талибан" қозғалысымен келісімге келуге тырысып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір