• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:07:12
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2019 Ғылым-білім

Ауа райы болжамы қашан және қалай пайда болды?

Бүгінде халықтың басым көпшілігі алдағы күннің ауа-райына көп жүгінетінін білеміз. Соған орай киінеді, қажетті сақтану шараларын жасайды дегендей...

Бүгінде халықтың басым көпшілігі алдағы күннің ауа-райына көп жүгінетінін білеміз. Соған орай киінеді, қажетті сақтану шараларын жасайды дегендей...

Ал осы ауа райын болжау кімнің ойына қалай және қашан келгенін білесіз бе? Бас шайқадыңыз. Ендеше әрі қарай оқыңыз.

1859 жылы Корольдік фрегаттың жоғалуына әкеліп соққан дауыл Фитцройға күн райын анықтау мақсатындағы түрлі диаграммаларды жасауға итермелейді. Ол өз диаграммаларын сол уақытта-ақ «ауа райы болжамы» деп атаған. Бұл атау кейіннен терминге айналып кетті.

Жерде орнатылған станциялар мен телеграф бағандары арқылы хабарламалар жылдам таралып, дауылдардың алдын-алу шаралары жүргізілген. Аталмыш тәсіл біршама қауіптің алдын алуға көмектесті.

1861 жылдан бастап, ауа-райы болжамының хабарын тарату тұрақты түрде жүзеге асырыла бастаған. Дәл осы жылы күн сайынғы «ауа райы болжамы» мәліметтері The Times журналында жарияланып тұрды.

Ал 1862 жылы негізгі порттарда орын алуы мүмкін дауыл туралы ақпарат беретін жүйе іске қосылды. Фитцрой ғылым дамуының алдын ораған «Ауа райы кітабы» атты еңбегін 1863 жылы жарыққа шығарды.

Міне, сол уақыттан бері ауа райы болжамымен санасу және оған сенім арту мәдениеті қалыптасып, бүгінде тұрмыстық қажеттілік деңгейіндегі ақпаратқа айналып отыр.

Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір