• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:58:07
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018

Автобуста тірідей өртенген 52 өзбек туралы бейнебаян жарияланды (видео)

Бейнебаян оқиғасы өмірден алынғандықтан, көпшіліктің жүрегіне жеткен сияқты.

Өзбек әншісі Сардор Мамадалиев Ақтөбедегі автобус өртінде қаза тапқан 52 өзбек азаматы туралы бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл бейнебаян «Unutmoq osonmas sizlarni», қазақша «Ұмыту қиын» атты әнге түсірілген. 

Бейнебаян оқиғасы өмірден алынғандықтан, көпшіліктің жүрегіне жеткен сияқты. 

Әннің мәтінін өзбек ақыны Шахло Ахророва жазған.

Жыла, Отан!

Басыма ақ салам-ай деп жыла, Отан,
Қырды кезген налам-ай деп жыла, Отан.
Елу екі дем үзілді бір-ақ сәтте,
«Елу екі данам-ай!», - деп жыла, Отан,
Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла, Отан!

Несібемді терейін деп шығып кеткен,
Пешенемнен көрейін деп шығып кеткен,
Ана еңсесін көтерместей жығып кеткен,
«Ессіз кеткен балам-ай!», - деп жыла, Отан,
«Ізсіз кеткен балам-ай!», - деп жыла, Отан!

Өзге жұртта сарсаң болып, қор болдың ба,
Ах, перзентім көмегіме зар болдың ба?
«Елу екі жұлынымды үзіп кеткен
Елу екі құлынымды жұлып кеткен,
Шейіт кеткен балам-ай!», - деп жыла, Отан!

Ең ауыр қам – бала қабірін көру екен,
Ең ауыр дерт – өзге жұртта өлу екен,
Ең ауыры – бәріне де көну екен,
«Көкке жетті налам-ай!», - деп жыла, Отан,
«Қабірің қане балам-ай?», - деп жыла, Отан!

Қайда барсаң іздеріңнен еремін де,
Үйіңе қайт, ырыздық тауып беремін де,
Бөтен елде сен басыңды иіп жүрсең,
Бас көтеріп қалай енді жүремін де,
…Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла, Отан!

Аударған Сұлухан Мыңбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір