Автобуста тірідей өртенген 52 азаматтың туыстары: Балаларымыз тірі...

Автобуста тірідей өртенген 52 азаматтың туыстары: Балаларымыз тірі...
Ⓒqamshy.kz

Ақтөбеде 52 Өзбекстан азаматының өмірін жалмаған автобустағы өртке қатысты сот отырысы басталды. Алғашқы отырысқа қатысуға көрші елден марқұмдардың туыстары да келді. Олар процесс басталмай жатып-ақ жақындарының тірідей жанып кеткеніне сенбейтінін мәлімдеді. Ал айыпталушы деп танылған автобустың үш жүргізушісінің қорғаушылары оларды ақтап шығуды талап етті.

Осыдан сегіз ай бұрын Ақтөбе облысында автобуста тірідей жанып кеткен Өзбекстанның 52 азаматының барлық жақындарына жәбірленуші ретінде соттан шақырту жіберіліпті. Бірақ жердің шалғайлығына байланысты басында жолға Ферғанадан  шыққан 25 адамның Ақтөбеге 11-і ғана билет тауып жеткен. Енді  соттың ақырына дейін осында боламыз деп отыр.

"11 адам болып қазір пәтер жалдап жатырмыз. Сегіз айдан бері тергеудің қалай жүргенінен, кімді айыптап жатқанынан бейхабармыз. Оқиғаның қалай болғанын білгіміз келеді. 19 жастағы ұлым қыршын кетті", — дейді Бақтияр Ғарипов.

Процесс басталмай жатып, судья қайта-қайта үзіліс жариялаумен болды. Өйткені жәбірленушінің бірде-бірі қазақша түсінбейді екен. Ал өзбекшеге аударатын тәржімашы Ақтөбеде атымен жоқ. Сондықтан орыс тіліне аударып беретін болып келісті. Көрші елден келгендердің барлығы дерлік жақындарының автобуста тірідей жанып кеткеніне сенбейді, деп хабарлады КТК.

"Бұл бір болып жатқан қойылым сияқты. Ұлдарымыздың табытын әкелген кезде бізге аштырмады. ДНК сараптамасының нәтижесін көрсетпеді. Жақындарымыздың автобуста жанып кеткені рас болса, неге тергеу кезінде дәлел келтірмеді?", — деп атап өтті  Оборжон Хакимов.

Жәбірленушілердің күдіктен күйінетіндей жағдайлары бар. Өйткені, марқұмдардың кейбірінің ұялы телефондары осы күнге дейін қосулы тұр екен.

"Осында қиналып әрең жеттім. Ұлым мен немеремді іздеп келдім. Олардың өлгеніне сенбеймін. Өйткені ұялы телефондары әлі күнге дейін істеп тұр. Қоңырау соқсаң ешкім көтермейді. Бұл жағдайды қалай түсінеміз? Адам өртенгенде, ұялы телефондары да жанып кетуі керек қой", — деп ашынды Юлдузхон Ғаниева.

Енді оқиғаның қалай болғанын автобус өртенгенде тірі қалған үш жүргізуші айтып беруі керек. Қазір олар айыпталушы ретінде қамауда отыр. Олардан бөлек сотқа Шымкенттегі автопарк басшысы мен механигі жауап беруге қолхатпен қатынап жүр. Тек өртенген автобустың қожайыны жоқ. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Қорғаушылар оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін ең алдымен автобуста тірі қалған өзбекстандық екі жолаушыны тыңдау керек деп отыр.

"Туыстан айырылған оңай емес. Бірақ үш жүргізушіні кінәлай беруге де болмайды. Бұл жерде екі куәгер бар ғой. Өзбекстан азаматы. Дұрыс па? Сол адамдар шақыртылуы керек еді", — дейді айыпталушының адвокаты Нұршат Пернебекова.

Сегіз ай бұрын автобуста аман қалған екі Өзбекстан азаматы сот отырысын  өздерін қатыстырмай жүргізуге арыз берген. Бірақ олардың куәлік етуін қос тарап та талап етіп отыр. Енді олардың процесске қатысу, қатыспауын сот шешеді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Отандық 25 cайтқа АҚШ елшілігі Chartbeat-ті тегін пайдалануға мүмкіндік берді
    14/11 12:44 0 33
    2
    "Төртеуін тең өлтіреміз бе?" Ашаршылық жылдары бір үйлі жанның басынан өткен шынайы оқиға
    14/11 11:58 0 237
    3
    Бүгінгі диктанттан неше алдыңыз?
    14/11 11:28 0 399
    Назарбаев: Қытай өзге аумақтарға шабуыл жасамайды, қысым көрсетпейді
    14/11 11:01 0 279
    Жаңақорған ауданында өлген мал үшін иесіне өтемақы төленеді
    14/11 10:05 0 120

    Таныстырылғандар

    Kaspi банктің банкрот болғаны рас па? (видео)
    Kaspi банктің банкрот болғаны рас па? (видео)
    Kaspi банктің банкрот болғаны рас па? (видео)
    Kaspi банктің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек халық арасында тараған банк туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
    03/11/2018 20:09 0 14868
    Танымал қазақстандық каскадер қайтыс болды (видео)
    Танымал қазақстандық каскадер қайтыс болды (видео)
    Танымал қазақстандық каскадер қайтыс болды (видео)
    Қасым Жұмағожин гимнастика, таеквондо, трамплинг, рэтчет, ат акробатикасы, фехтование, садақ ату сынды спорттың бірнеше түрін меңгерген.
    04/11/2018 16:18 0 1992
    Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмыры жайлы мазмұнды ойлар айтылды
    Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмыры жайлы мазмұнды ойлар айтылды
    Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмыры жайлы мазмұнды ойлар айтылды
    Ұлт қайраткері Темірбек Жүргенов қазақ өнері мен білімін дамытуға үлкен үлес қосқан біртуар азаматтардың бірі
    05/11/2018 17:57 0 993
    Қазақ радиолары жаңа дикторларды іздейді
    Қазақ радиолары жаңа дикторларды іздейді
    Қазақ радиолары жаңа дикторларды іздейді
    Қатысушылар 20 қарашаға дейін kazdictor@gmail.com электронды поштасына жеке төлқұжатының суретін жіберуі міндетті!
    06/11/2018 10:48 0 1161
    Қазақстан тұрғындары 1,5 млн теңгеге жоқ тауарды сатып алған
    Қазақстан тұрғындары 1,5 млн теңгеге жоқ тауарды сатып алған
    Қазақстан тұрғындары 1,5 млн теңгеге жоқ тауарды сатып алған
    Жәбірленушілер алаяқтың шотына 100 мыңнан 300 мыңға дейін ірі сомада ақшалай қаражаттарын аударған.
    06/11/2018 15:49 2 1464
    Маңғыстаулық шенеунікке 115 мың еуро параны словакиялық хоккейші берген
    Маңғыстаулық шенеунікке 115 мың еуро параны словакиялық хоккейші берген
    Маңғыстаулық шенеунікке 115 мың еуро параны словакиялық хоккейші берген
    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарына қомақты ақшаны словакиялық хоккей қақпашысы берген.
    08/11/2018 12:42 0 7089
    Бас мүфти: Шетелде білім алуға қажеттілік жоқ (фото)
    Бас мүфти: Шетелде білім алуға қажеттілік жоқ (фото)
    Бас мүфти: Шетелде білім алуға қажеттілік жоқ (фото)
    Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына 2 күндік іс-сапармен барды
    08/11/2018 17:23 0 941
    Алматыда корейліктер шағын несие компаниясын ашты
    Алматыда корейліктер шағын несие компаниясын ашты
    Алматыда корейліктер шағын несие компаниясын ашты
    Салтанатты кешке BNK Capital Оңтүстік Корея компаниясының құрылтайшылары арнайы келіп қатысты
    08/11/2018 18:16 0 1027
    Дәурен Абаев "Көкжайлауда" экологиялық мәселелер ескерілетініне сендірді
    Дәурен Абаев "Көкжайлауда" экологиялық мәселелер ескерілетініне сендірді
    Дәурен Абаев "Көкжайлауда" экологиялық мәселелер ескерілетініне сендірді
    "Трассаның жоспардағы ұзындығы қысқарды, ғимараттардың аумағы шамамен 10 есе кішірейді. Осының бәрі экологияға әсерді азайтады», - деп түйіндеді министр.
    09/11/2018 11:29 0 727
    Kaspi Bank туралы ақпарат таратқан адам ұсталды
    Kaspi Bank туралы ақпарат таратқан адам ұсталды
    Kaspi Bank туралы ақпарат таратқан адам ұсталды
    Kaspi Bank туралы хабарлама таратқан адамның есімі аталмай отыр.
    10/11/2018 10:41 0 2183
    Астанада қар күреуге 37 млн доллар бөлінді
    Астанада қар күреуге 37 млн доллар бөлінді
    Астанада қар күреуге 37 млн доллар бөлінді
    Астана билігі қала көшелерін қардан тазартуға 13 миллиард 921 миллион 301 мың теңге бөлді, бұл 37 миллион 123 мың долларға тең
    11/11/2018 10:38 0 764
    Теміртаудағы "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды (видео)
    Теміртаудағы "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды (видео)
    Теміртаудағы "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды (видео)
    Теміртауда "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды
    11/11/2018 13:15 0 606
    ҚазҰУ-да өткен іс-шараға шетелден келген қандастырымыз атсалысты
    ҚазҰУ-да өткен іс-шараға шетелден келген қандастырымыз атсалысты
    ҚазҰУ-да өткен іс-шараға шетелден келген қандастырымыз атсалысты
    Тыңдаушыларды  өз  ана  тілінде   еркн  сөйлеуге,  сөз  байлықтарын  жетілдіруге   баулып,  «Шешендік  өнер»  сайысында  бақтары  сыналды.
    12/11/2018 10:14 0 390
    Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды
    Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды
    Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды
    Бүгін Алматыда саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің Кеңсайдағы зират басына гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.
    12/11/2018 14:19 0 7062
    Маликаның соттағы соңғы сөзі: Ескендірді түсімде көрдім
    Маликаның соттағы соңғы сөзі: Ескендірді түсімде көрдім
    Маликаның соттағы соңғы сөзі: Ескендірді түсімде көрдім
    Бүгін сотта соңғы сөзін сөйлеген Малика Мұхитова марқұм Ескендір Сүлейменовтің ата-анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрады.
    13/11/2018 11:26 0 3309