• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:07:28
Алматы
+35°

10 Қыркүйек, 2018 Спорт

"Атты қамшы айдайды, Бекболат ерді намыс айдайды" немесе Тілеуханнан жаңа "челлендж"

Бекболат Қанайұлы бастаған осы бір "челлендж" биліктің басында отырғандарған қолдау тапса ...

Астанада  ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті Бекболат Тілеухан журналистердің басын қосып, брифинг өткізген болатын. Республикалық БАҚ жарыса жазған брифингтің Алатаудың бөктерінде емес, Сарыарқа төрінде ұйымдастырылғаны алматылықтарды қынжылтты. Себебі қолында қамшысы бар, атақ пен абыройдан кенде емес, ел аузында жүрген азаматтың аузынан мұндай жалынды сөздерді күнде біздің елде ести бермейміз. Жаңалық жазуға асығып тұрған журналистерге сенсацияны өз қолымен табаққа салып ұсынған Бекболат Тілеухан таң қалдырмай қоймады.

"Орныңыздан кетуге дайынсыз ба?" деген сұраққа ойланбастан бас изеген жырауға сүйсініп отырмыз. Былғары креслоға отырып алса, бітті, жылы орнын өзгеге босатуға қимайтын шенділерден халық зәразап болғаны шындық. Тек Бекболат мырзаның бір ескертуі бар. Жаңадан келетін адамның шынымен де ұлттық спорттан хабары болуы және жанашыр болуы міндетті. Сол шартпен ғана Бекболат Қанайұлы өзінің батасын беруге дайын. "Менің айтқан дүниені 18 млн адам еститін болады деп ойлаймын. Тағы да түсіндіріп кетейін, мен атақ үшін жүрген адам емеспін. Қолымнан келгенін жасадым" деп ағынан жарылыпты намысты азамат. Күні кеше ғана өткен Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында жеңісті қолдан беріп қойған Қазақстанның көкпар құрамасының ойыны, олардың жылқыларының болмауы дегендей абсурдты дүниелер осындай ойға Бекболат мырзаны жетелеген болуы керек. "Қырғызстанға неге ересектер командасын жібермедіңіз?" деген сұраққа Бекболат еш саспастан "Ересектер командасын жіберсек, біз жеңетін едік. Ол түсінікті жайт қой. Сондықтан да жастар бағын сынасын дедік. Сынады. Ойнады. Бәрі жақсы", - деп жауап қатыпты. Тек бір сұрақтың жауабын ала алмай қалдық. Ол - "Қырғыздан ат сұрайтындай жағдайымыз сондай мүшкіл ме?" деген сұрақ.

"Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені" дейді халық. Қазақ халқы сонымен қатар "Атты қамшы айдайды, ерді намыс айдайды" деп сөз қалдырған артынан. Бекболат Қанайұлы бастаған осы бір "челлендж" (ешкім жасамаған дүниені жасауға деген ұмтылыс, өз-өзіңді қайрау)  биліктің басында отырғандарған қолдау тапса, мерейіміз үстем болар еді. 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір