• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:17:20
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2019 Спорт

Атышулы Конор тағы не бүлдірді?

Бұл іс бірнеше айдан бері жалғасып келе жатыр.

Атышулы ирландиялық спортшы Конор Макгрегорға сексуалдық зорлық көрсетті деген айып тағылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

New York Times басылымының хабарлауынша, 2018 жылы аты-жөнін жасырын ұстауды жөн көрген қыз Конорға қарсы арыз жазған.  Бір айдан кейін Конорды полиция қызметкерлері тұтқындап, тергейді. Қылмыстық істің әлі нүктесі қойылған жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ал Конор Макгрегордың баспасөз қызметкері Карен Кесслер  спортшының карьерасын аяқтауына бұл жайттың қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Бұл іс бірнеше айдан бері жалғасып келе жатыр. Бірақ бұл жайттың қазір ғана қызу талқыға түсіп жатқаны түсініксіз. Сондай-ақ Конордың күні кеше карьерасын аяқтауына бұл істің қатысы жоқ. Болашақта Конор қаласа, жекпе-жекке қайта оралуы мүмкін. Сонымен бірге бұл сәрсенбі күні болады. Егер спортшылар кәсібилікті, ынта мен жігерді бағалай алатын болса, Конор қайта оралады",- дейді Карен Кесслер. 

Еске сала кетсек, 26 наурызда Конор Макгрегор өзінің карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір