• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:33:48
Алматы
+35°

30 Тамыз, 2018 Аймақтар

Атыраулық азамат өзі оқыған колледжінің аудиториясын жабдықтап берді

Бүгінгі күні кабинетке демеуші Кораблевтың есімі беріліп, интерактивті тақта, проектор, үстелдер, үш компьютер, принтерлермен қамтамасыз етілді

Атырауда «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Көлік және коммуникация колледжінің «Көлік құрылғылары» кабинетін жөндеу үшін өз қаражатынан 2 млн теңге бөлді.

«Индустрияландыру және экономиканы жаңғырту бағдарламасы аясында елімізге білікті қызметкерлер қажет етеді. Кабинет білім беру сапасын арттыру және студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жабдықталды. Осы тұрғыда білім саласына жасалған бұл көмектің маңызы зор», - дейді А. Кораблев.

Сондай-ақ, бүгінгі күні кабинетке демеуші Кораблевтың есімі беріліп, интерактивті тақта, проектор, үстелдер, үш компьютер, принтерлермен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта студенттердің білім деңгейін көтеру үшін техникалық әдебиеттерді, плакаттар мен жұмыс модельдерін сатып алу жоспарланып отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір