• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:08:54
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Атыраулық ата-аналар сүйіншілерін дайындай берсін

2018 жылғы 5 қыркүйектен бастап Атырауда garden.atyrau.gov.kz сайты жұмыс жасай бастады.

Атырау тұрғындарына енді баланы балабақшаға тіркеу және кезегін білу үшін ХҚО мен қалалық білім беру бөлімінде ұзын сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ, деп сүйінші сұрайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

2018 жылғы 5 қыркүйектен бастап Атырауда garden.atyrau.gov.kz сайты жұмыс жасай бастады, мұнда онлайн режимде балабақшаны таңдауға, ол туралы толық ақпарат алуға, мектепке дейінгі мекемелерге кезегін қадағалауға, сондай-ақ SMS немесе e-mail - хабарлама арқылы кері байланыс алуға болады.

Қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмабек Абдоловтың айтуынша сайт ата-аналардың уақытын үнемдеуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелін және қалалық білім бөлімі мамандарымен жеке байланыс жасауды болдырмауға көмектеседі.

- Бүгінгі күні Атырау қаласындағы 42 мемлекеттік балабақшада 13 219 орын бар, оның 1141-і бос. Ата-аналар барлығы 24 925 арыз берген. Оның ішінде кезекте тұрғандар - 22 408, жеңілдік санатындағы азаматтар - 2 517, - деді Алмабек Абдолов.

Сонымен қатар сайтта қаладағы барлық балабақшалардың толық тізімі, арыздардың кезегі, бос орындар бюллетені, алынған жолдамалардың жиынтығы орналастырылған. Ата-аналар үйден шықпай-ақ балабақшаға кезегін тексеріп, жолдама ала алады.

Бұл жерде сондай-ақ жеке меншік балабақшалардың тізімі және олардағы орындар мен бос орындардың саны туралы ақпарат та орналастырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір