• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:34:37
Алматы
+35°

26 Қаңтар, 2019 NEWS

Атыраудың экс-әкімі Бергей Рысқалиевке сот үкімі шықты

Бұл туралы Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Бұрынғы әкімге өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдалана отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру, алаяқтық және пара алу айыптары тағылған. Мемлекет көрген шығынның сомасы 72 миллиард теңгеден асады. Оның ағасы, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиевті сот 16 жылға бас бостандығынан айырды. 

Айыптау актісіне сәйкес, Бергей Рысқалиев өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдаланып отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру мақсатында қылмыстық топ құрған.

Қылмыстық іс 754 томнан тұрады. Сотталушылар сотқа келмеу себебінен процесс олардың қатысуынсыз өтті. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір