• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:12:22
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2017 NEWS

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тірідей жанып кетті

Атырау-Индер трассасынан 165 километр жерде жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, ірі жол апаты орын алды

7 тамыздың түнінде жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Атырау-Индер тас жолынан 165 километр жерде жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, ірі жол апаты орын алды.

«Оқиға түнгі сағат 12:00 шамасында болған. «Мерседес бенс» маркалы автокөлік қарсы бетке шығып кетіп, «МАЗ 54 4008» маркалы жүк көлігіне келіп соғылған. Апаттың салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, ішіндегі екі жолаушы мен көлік жүргізушісі тірідей жанып кеткен», – деп хабарлады Атырау облысының ІІД баспасөз қызметі.

Жүк көлігінің жүргізушісі БҚО тұрғыны ешқандай зардап шеккен жоқ.

Белгілі болғандай, жеңіл автокөліктің рөлінде Атырау тұрғыны болған. Ал, өзге екі жолаушының жеке басы әлі анықталған жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір