• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:16:41
+35°

31 Тамыз, 2018 Аймақтар

Атырауда "Жәңгір ханның тарихтағы орны" деген атаумен көрме залы ашылды

Атыраудағы орталық музейде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгір ханның тарихтағы орны» деген атаумен көрме залы ашылды

Атыраудағы орталық музейде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгір ханның тарихтағы орны» деген атаумен көрме залы ашылды.

Онда XIX ғасырдағы Орда қазақтарының тұрмысы мен салт-дәстүріне қатысты жәдігерлер, ақша үлгілері, фотосуреттер мен түрлі құнды құжаттар қойылған. Өз заманының белгілі тұлғасы болған Жәңгір хан Бөкейханұлы туған халқының тұрмысын Еуропа мәдениетіне икемдеуге барын салды. Сол ғасырдың өзінде Ордада дәріханалар мен шағын шеберханалар жұмыс жасаған. Және жалпыға ортақ, екі тілде оқытатын мектептер болды. Осы оқу орындарын тәмамдаған қабілетті жастарды хан өз қаржысына Санкт-Петербург, Уфа, Қазан секілді Ресейдің басты қалаларына жіберіп, білім алуларына жағдай жасаған. Кейін олардың арасынан көптеген білікті тұлғалар шыққаны тарихтан белгілі.

"XII-XX ғасырдағы өлке тарихы залындағы экспозициялық құрылымның жалпы мақсаты сол кезеңнің тарихи оқиғаларымен, тарихи тұлғаларымен таныстыра отырып, жастардың осы туған жерге қазақ халқының тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру", - дейді музей қызметкері Ақтоты Орынбасарова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір