• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:21:54
+35°
Атырауда қаза тапқан полицейді мыңдаған адам соңғы сапарға шығарып салды. Махамбет ауданының Береке ауылында суға батып бара жатқан әйелді құтқарамын деп, қаза болған 24 жастағы полиция сержанты Шалқар Әкімғалиевті жерлеу рәсімі өткен болатын деп, хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
 
Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу шеруінде ағайын-туыстары, дос-жарандары мен қаланың мыңдаған тұрғындары қатысқан еді. Батыр жерлестерін ақтық сапарға шығарып салуға ІІМ , Атырау облыстық және қалалық әкімдігінің қызметкерлері, ҚР Сенат депутаты, ішкі істер органдарының ардагерлері, аймақтағы барлық күштік құрылымдардың және қоғамдық ұйымдардың мүшелері, Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының ресми өкілі бастаған Атыраудағы барлық имамдар, жергілікті депутаттар, прокуратура органдарының өкілдері қатысты.  Сенат спикері Дариға Назарбаеваның, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының, Ішкі істер министрінің  көңіл айту жедел хаттары оқылды.
 
полиция
 
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев марқұмның отбасына көңіл айтып, бұл бір әулеттің ғана емес, бүкіл елдің қайғысы екендігін атап өтті. 
 
Нұрлан Ноғаев
 
- Бүгін ауыр күн. Бұл ағайын- туыстардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың ортақ қайғысы, сондықтан, біз сіздермен бірге қайғырып отырмыз. Марқұмның есімі жүрегімізде мәңгі сақталады. Осындай мақтаулы ұлды тәрбиелегендерің үшін Сіздердің алдарыңызда бас иеміз,- деді Нұрлан Ноғаев.
 
Полицейдің зираты басында үш рет мылтық атылды.
 
полиция
 
Ішкі істер органдарында Шалқар Акымғалиев бес жылдан астам уақыт қызмет етіп келген. 1  сәуірде 25 жасқа толар еді.
 
полиция
 
Ұсынған: Фариза Жомартқызы
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір