• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 14:10:23
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 NEWS

Атырауда өзен жағалауынан 4,3 тонна өлі балық жиналды

Атырау облыстық әкімдігі Жайық өзеніне ғылыми зерттеу жүргізуге 80 млн теңге бөлді

Атырауда өткен сенбілікте өзен жағалауынан 52 тонна қоқыс, 4,3 тонна өлі балық жиналды, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігіне Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
 
«Таза жағалау» сенбілігіне 2600-ден астам тұрғын қатысып, 9 бірлік арнайы техника тартылды. 
 
16 наурызда “Nur Otan” партиясы Атырау филиалы мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өтті.
 
Ауқымды шараға 2600-ден астам қала мен селолық округтердің тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысты.
 
-Сенбілікке қатысқандар қатары көп болды, 52 тонна қоқыс жиналды. Келесі жолы да барлық тұрғындарды осы бастаманы қолдауға, жағалауды тазартуға қатысуға шақырамыз, -деді Азаматтық орталықтың медиа бөлімінің меңгерушісі Сымбат Жандарбек.
 
Сонымен қатар, сенбілік қортындысы бойынша 4,3 тонна өлі балық жиналды, балықтардың салмағы есептеліп, қылмыстық іс материалына тіркелді.
 
10 желтоқсан 2018 жылдан бастап «Казгидромет» РММ Жайық өзеніндегі су жағдайына мониторинг жүргізіп келеді. Зертханалық сынамалар ластанудың жоғары және өте жоғары деңгейін көрсеткен жоқ. Қазір Қазгидромет мониторинг аясында штаттық режимде апта сайын сынама алып отыр. Су сынамасын Экология департаменті мен тұтынушылар құқығын қорғау департаменті де жүргізуде.
 
Бүгінге дейін 200-ден астам сынама алынды. Бұл өзеннің жағдайына мониторинг үшжақты жүргізіліп жатқанын және өзен жағдайы қалыпты екенін көрсетеді.
 
Айта кету керек, қырылған балықтардың басым бөлігі  (102,862 тонна) жасанды түрде өсірілген, яғни өзендегі бекіре тұқымдас балықтардың табиғи популяциясына қатысы жоқ. Жайықтағы балық қорының табиғи популяциясына жиналып алынған жалпы салмағы 11,3 тонна частик тұқымдас балықтар жатады.
 
Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі Атырау облыстық әкімдігімен бірлесіп тұрақты түрде аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарды дайындауда. Жағдайға мемлекеттік органдармен бірге «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, Атырау облыстық әкімдігі мониторинг жүргізіп отыр. «Nur Otan» партиясының филиалымен қатар ішкі істер органдарының қызметкерлері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық қадағалау комитеті қызметкерлері сауда орындарындағы балық сататын нүктелерге күн сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді.
 
Атырау облыстық әкімдігі Жайық өзеніне ғылыми зерттеу жүргізуге 80 млн теңге бөлді.
 
Ұсынған: Назерке Лабихан
Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір