• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:26:47
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Аймақтар

Атырауда 400 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Атырауда көптеген жұмыстар атқарылуда

ҚР Конституциясы күніне орай Томарлы ауылының тұрғындарына 400 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов қатысып, ауыл тұрғындарының рухани өмірінің орталығына айналу үшін осындай обьектілерді тұрғызудың маңыздылығын атап өтті.

– «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Атырауда көптеген жұмыстар атқарылуда. Ауданда жаңа музыкалық мектеп пен 6 балабақша, 3 мектеп салуға жобалық-сметалық құжаттама жоспарланып отыр. Олардың құрылысы келесі жылы қаржы бөлінгеннен кейін басталады. Жақын арада «Жұлдыз» шағын ауданында 624 орындық жалпы білім беретін мектеп берілетін болады. Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, гүлденіп,өркендей берулеріңізді тілеймін! – деді П.Хасанов.

Жаңа екі қабатты мәдениет үйі ғимараты кітапхана, оқу залы, конференциялар мен хореографиялық бөлмелер, шығармашылық ұжымдар мен басқармалар үшін кабинеттер, кең концерт залы, сондай-ақ заманауи музыкалық жабдықтар мен түсті музыкадан тұрады. Мәдени және бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Айта кетейік, өңірде 2017-2020 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспарының аясында 5 мәдениет үйінің құрылысы жоспарланған. Өткен жылы Жұмыскерге 200 орындық мәдениет үйі тапсырылды, осы жылы Томарлы ауылында 400 орындық мәдени орталықтың құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Ақсай мен Атырау ауылдық округтерінде тағы екі мәдениет үйі берілетін болады. Қазіргі уақытта Еркінқала ауылдық округінде 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір