• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:18:26
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда 20 студенттің улану себебі анықталуда

Бұл жағдай газ балонын бүркуден болған деген болжам бар

Бұл жағдай газ балонын бүркуден болған деген болжам бар, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегін негізге алып. 
 
Оқиға бүгін, 23 мамырда күннің алғашқы жартысында болған. Оқиға орнына жедел жәрдем тобы келді. Берілген ақпар бойынша, колледждің 1-2 қабаттарында белгісіз заттың өткір иісі болған, нәтижесінде 20 адам ауруханаға әкелінді. 
 
Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында Атырау сервис колледжі директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Гүлсім Жалмұханова мәлімдеді.
 
— Балалардың жаппай улануының себебі анықталуда, бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Енді балалардың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Науқастарға уақытылы көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайын қалыпқа келтіргендіктен, студенттердің көбісі үйге жіберілді, ал қалғаны кешкі сағат 19.00-ге дейін шығарылады. Олардың барлығы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Қазір бұл жағдаймен құқық қорғау органдары айналысуда, оқиға газ балонын бүркуден болған деген болжам бар», - деді Гүлсім Жалмұханова.
 
Ұсынған: Әсел Болатқызы
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір