• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:43:45
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды

«Кезекте тұрған көп балалы отбасылардың саны — 1,5 мың. Алдағы айда тағы да көп балалы отбасыларға баспана беріледі», - деп нақтылады әкімдіктен.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын іске асыру аясында аймақта көп балалы отбасыларға пәтер беріле бастады. Бүгін Атырауда 15 көп балалы отбасы жаңа пәтер кілтін алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
 
Атырау қалалық әкімдігі хабарлағандай, 15 пәтер «Береке» ықшамауданынан берілген.
«Кезекте тұрған көп балалы отбасылар пәтер алды. Жалдамалы баспана, жекешелендіруге жатпайды.  Ай сайын заңмен белгіленген мөлшерде азғантай сома төлейді",-деп нақтылады әкімдіктен.
 
Айта кетейік, ҚР Мәжілісі депутаттары көп балалы отбасыларды сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Құжат бойынша жалдау құны айына бір шаршы метрге 115 теңге. Жалдамалы баспанаға тіркеуге тұру тек көп балалы отбасы мүшелеріне ғана рұқсат етіледі, үйде туыстарының жеңілдікпен тұруы заңмен қарастырылмаған.
 
«Кезекте тұрған көп балалы отбасылардың саны — 1,5 мың. Алдағы айда тағы да көп балалы отбасыларға баспана беріледі», - деп нақтылады әкімдіктен.
 
Ұсынған: Әсел Болатқызы
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір