• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:06:51
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2018 NEWS

Атырау облыстық ІІД басшысы казинодағы видеоға қатысты түсініктеме берді

Аян Дүйсембаевтың айтуынша, бұл оқиға 2014 жылдың қазанында болған.

Қазнетте Атырау облыстық ІІД басшысы Аян Дүйсембаевтың казинода ойнап жатқаны түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

ІІМ өкілдері жоғары лауазымды полицей түсірілген видеожазбаны тексерді.

Аян Дүйсембаевтың айтуынша, бұл оқиға 2014 жылдың қазанында болған.

"Сол кезде Атырау облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары қызметінде болған Дүйсембаев досымен бірге Минскіде болған. Оның досы ойын мекемесіне өзінің танысын ертіп келген. Ал досының әйелі оның бұл әрекетіне қарсы болған. Оны тоқтату үшін әйелі Дүйсембаевтан казиноға келуін сұраған. Дүйсембаев өзі ойнамаған. Оған 2014 жылдың қазан айында жүргізілген тексеріс дәлел бола алады", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір