• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:21:00
Алматы
+35°

09 Маусым, 2017 NEWS

Атырау облысында мешіттің екі имамы төбелес шығарды

Атырау облысы Исатай ауданында Қазақстан Республикасы  әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне байланысты іс қаралғандығы туралы белгілі болды.  Бұл...

Атырау облысы Исатай ауданында Қазақстан Республикасы  әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне байланысты іс қаралғандығы туралы белгілі болды.  Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі  аудандық соттың  баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, кешкі намаздан кейін Исатай ауданындағы  «Зинеден ата» атындағы мешітте көпшіліктің көзінше наиб имамы бас имамға өзінің наразылығын білдірген. Ұрысып көңіл толмаушылығын білдірген наиб имамның барлық айтқан сөздерін бас имам телефон камерасына түсіріп алған.

Осыған ашуланған наиб имам одан ұялы телефонын тартып алмақшы болып, оны кеудесінен ұрған.

Мешіттегі адамдар екі имам арасындағы дауды бәсеңдетуге тырысып екеуін ажыратқан.  Сот отырысында наиб имам өзінің кінәсін мойындап бас имамнан кешірім сұраған. Наиб имам сот шешімімен әкімшілік жауапқа тартылған.

Шолушы: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір