• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:41:00
+35°

02 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

Атырау облысында Конституция күні 7 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Құрманғазы ауданы Приморье ауылында 300 орындық жалпы білім беретін мектеп ашылды

Конституция күні Атырау облысында 7 әлеуметтік нысан - мектеп, балабақшалар, мәдениет үйлері, жатақxаналар пайдалануға берілді.
 
Құрманғазы ауданы Приморье ауылында 300 орындық жалпы білім беретін мектеп ашылды. Сонымен қатар, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 424 орындық мектеп пайдалануға берілді. Оған қоса, Елбасының әлеуметтік 5 бастамасы бойынша Атырауда студенттерді жатақxанамен қамту мәселесі шешілуде. Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж студенттеріне арналған жаңа ғимарат білім күнінде пайдалануға беріледі. Бұл жерде бір уақытта 100 студент тұра алады.
 
Маxамбет ауданы Талдыкөл ауылында 160 орындық тағы бір мектепке дейінгі білім беретін жаңа ғимарат салынды.
 
Конституция күні облыста әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандар пайдалануға берілді. Индер ауданы Бөдене ауылында 100 орындық балабақша ашылды. Жыл сайын өңірде жаңа мәдени нысандар ашылуда. Бұл жолы Маxамбет ауданы Ақтоғай ауылы тұрғындары үшін 200 орындық мәдениет үйі ашылды. 
Ал, қала маңындағы Томарлы ауылында 400 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.
 
Әлеуметтік маңызы бар нысандарды пайдалануға беру Конституция күнімен тұспа тұс келді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір