• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:49:48
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырау облысында канадалық капиталдың қатысуымен 11 компания тіркелген

Атырау облысында канадалық капиталдың қатысуымен 11 компания тіркелген

Бүгін 13 мамыр дүйсенбі күні Нұрлан Ноғаев Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николас Бруссты қабылдады.

Аймақ басшысы атап өткендей, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күнінен бастап екі ел сауда-экономикалық ынтымақтастықтың түрлі салаларында достық қарым-қатынас орнатты.canada atyrau

- Біздің облысымызда инвестициялауға болатын бағыттар мен салалар жеткілікті. Атырау - еліміздің ең инвестициялық тартымды аймақтарының бірі. Бүгінгі таңда, Атырау облысында канадалық капиталдың қатысуымен 11 кәсіпорын тіркелген, бұл санды өзара тиімді арттыруға болады. Инвестицияларды тарту үшін барлық қолайлы жағдайлар жасау біздің басты міндетіміз болып табылады, - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.canada atyrau

Өз кезегінде Канаданың елшісі өз елінің климаттық жағдайлары Атырау облысымен ұқсастығын айтты, сонымен бірге канадалық кәсіпкерлердің Атырау облысын инвестициялауға үлкен қызығушылығы барын да атап өтті.
Айта кетейік, инвестициялық ахуалды жақсарту және шетел инвесторларының қызметіне қолайлы жағдай жасау үшін «Атырау Innovatinos» ЖШС және «Kazakh Invest» АҚ-ның аймақтық офисі жұмыс істейді. Осы компаниялардың негізгі мақсаттарының бірі - жобаның кез-келген сатысында отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен рәсімдеріне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-аналитикалық және сервистік қолдау көрсету.canada atyraucanada atyrau

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір