• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:53:43
Алматы
+35°

30 Тамыз, 2018 Аймақтар

Атырау облысы мен Маңғыстау облысы әкімдері меморандумға қол қойды

Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев пен Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжанов екі облыстың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев пен Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжанов екі облыстың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты - өңіраралық кооперацияны дамыту жəне өңірлердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.Тараптар өнеркəсіп, шағын жəне орта бизнес саласында, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, экология, құрылыс салаларында ынтымақтастық жасауға келісті. Сондай-ақ облыстар арасында жастар саясаты, мəдениет жəне спорт салаларында да өзара іс-қимыл жасау көзделуде.

Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев атап өткендей əкімдіктердің алдында тұрған басты міндет- өңірлерді экономикалық дамытудың түрлі салаларындағы табысты жұмыс тəжірибесімен танысу.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды тапсырмаларының бірі өңіраралық қарым-қатынасты дамыту болып табылады.Табысты тəжірибе алмасу өте пайдалы, бұл көп жағдайда даму процестерін жеделдетеді. Біз бүгін мəселелердің кең ауқымын талқыладық, екіжақты ынтымақтастық аясында көптеген жобалар бойынша пікір алмастық.Біз қызығушылықтың, мəселені ұғынудың бар екенін көріп отырмыз. Жақын арада барлық талқыланған жобаларды іске асыру жоспарлануда», - деді Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжановтың пікірінше, экономиканы əртараптандыру мақсатында шикізаттық емес секторларды дамыту мəселелеріне назар аудару қажет.

"Бұл өңдеу өнеркəсібі, шағын жəне орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығындағы жобаларды іске асыру, азық-түлік қауіпсіздігі. Құрылыс жəне туризмді дамыту саласында тартымды жобалар бар. Барлық қол жеткен келісімдерді іске асыру өңірлер мен республиканың экономикалық өсуі үшін серпін бермек", - деп баса айтты Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі күні Маңғыстау облысы еліміздің ірі көлік логистикалық хабтарының бірі. Теңіз порттарын дамыту Қазақстанның экономикасы үшін үлкен серпін береді. Маңғыстау облысының басшысы ірі мұнай жобаларындағы қазақстандық қамту мəселесін қозғады.

"Облыстың аумағында үш мұнай компаниясы жылына орта есеппен 1 трлн 400 млрд теңгеге тауарлар сатып алады. Оның ішінде 30%-ы республикадан тыс жерлерден, бұл шамамен 500 млрд теңге. Бұл біздің кəсіпорындар үшін, инвестициялар тарту үшін үлкен нарық жəне əлеует. Осы тауарларды республика аумағында өндіре отырып, біз жергілікті компанияларды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, мемлекет бюджетін толықтыруға жағдайлар жасаймыз", - деді Ералы Тоғжанов.

Өз кезегінде Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев облыс аумағында арнайы индустриялық аймақты дамыту бойынша болашақ жоспарлар туралы əңгімеледі.

«Өздеріңіз білесіздер, Парламентте арнайы экономикалық жəне индустриялық аймақтар туралы заң жобасы талқылануда. Егер бұл заң қабылданатын болса біз осы бағытта дамытуға дайынбыз. Исатай ауданында арнайы индустриялық аймақ құру үшін жер учаскесі бөлінді. Осы бағытта тəжірибе алмасу үшін біз Түркияда болдық. Оларда индустриялық аймақтың аумағында 35 мың адам, шамамен 180 резидент жұмыс жасайды. Олардың бір бөлігі, 35-40 кəсіпорын біздің нарыққа келуге дайын.Бұл үшін заңнамалық база, салық тұрақтылығы қажет. Сонымен бірге бізде мұнайхимиялық кластерді дамыту үшін арнайы экономикалық аймақ жұмыс жасайды. Мұндай жобаларды іске асыру дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді, бұл бəсекеге қабілетті кəсіпорындар құруға септігін тигізеді», - деп түсінік берді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетелік, меморандумға қол қою екі облыстың экономикалық жəне инвестициялық əлеуетін дамытуға жаңа серпін береді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір