• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:05:08
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 Тарих

Аты-жөнін білмеген, тек ұлтын таныған қазақ жауынгері - Филипп Жақыпұлы

Филипп Яковлевич Рубахо... Азан шақырып қойған аты белгісіз. Бірақ тарихта осы атпен қалған қазақ жауынгері туралы айтпақпын.

Филипп Яковлевич Рубахо... Азан шақырып қойған аты белгісіз. Бірақ тарихта осы атпен қалған қазақ жауынгері туралы айтпақпын.

Ол 1923 жылы 13 қаңтарда Ақсай (Ростов обл) станциясында жұмысшы отбасында дүниеге келген.. 
Жастайынан ата-Аанасынан жетім қалып, Батуми жетімдер үйінде тәрбиеленеді.

Мүмкін сол кезде аты-жөні өзгертілген болуы керек. Мүмкін әкесінің есімі Жақып па екен, кім білсін?..
Тек қана құжаттарда "ұлты" деген таблода ҚАЗАҚ деп сақталыпты. Содан кейін әңгімеге арқау болып отыр.

Филип Жақыпұлы

Әлқиса

Орта білімді. Жас кезінде "Ворошилов атқышы" төс белгісін иемденіп, көптеген жарыстарда жүлделі орындар алып жүрген.

1941 жылдан Әскери-Теңіз флоты қатарында болды. Алғашында Қара теңіз флотының Туапсин базасындағы музыка командасында болған. Соғысқа қатысуға сұрана жүріп, ақыры шағын катерлердің артиллерия дивизоннына ауысуына қол жеткізеді. 1941 жылдың қыркүйегінде алғашқы ұрысын сол катер сапында қоршаудағы Одесса қаласын қорғау ұрыстарына қатысудан бастайды.

Теңізші Рубахоға катерде көп қызмет ету жазылмапты.

Бір батальон адамдарды теңіз-жаяу (морская пехота) әскер сапына ауыстырған кезде, бұл да ауыстырылып Севастополь қаласын жаудан қорғауға жіберіледі. Желтоқсан айында жараланып, госпитальға түседі. Жарақатынан айыққан соң оны мергендер (снайпер) мектебіне жібереді. 1942 жылы маусым айында оқуын бітіріп, Оңтүстік майданның құрамында Ростов, Кубань, Солтүстік Кавказды қорғау ұрыстарына қатысады.

1942 жылы желтоқсан айына дейін өзінің жауынгерлік санақ кітапшасына жаудың 200 солдаты мен офицерін жойғанын тіркеп үлгереді.

Желтоқсан айында қайта жараланып, айыққан соң аты аңызға айналған (кейін) майор Цезарь Куников басқаратын әйгілі 393-ші теңіз-жаяу әскер батальонына жіберіледі. Сол батольонда алғашқы ұрысын Новороссийск маңына десант боп түсірілуден бастайды.

Одан кейінгі шайқасы "Кіші Жер" деген атау алған әйгілі плацдармды ұстап тұру ұрыстарына қатысады. Сол ұрыста мергендер взводын басқарады.

Мүмкін жоғарыда баяндалған тағы бір қазақ, теңіз-жаяу әскер сапындағы барлаушы Иқаров Қуанғали атамызды көрді ме екен? Екеуі де теңіз-жаяу әскер сапында, екеуі де "Кіші Жер" плацдармын басып алу ұрыстарына қатысқан.

Біздікі жай болжам ғой. Қазақ ұлдарының бір сапта, бір жерде жүргенін оқығаннан кейін айтып жатқаным.

Филип Жақыпұлы

Жарайды, әрі қарай кеттік.

"Кіші Жер"-операциясы кезінде өзінің жеке есебін 276 адамға жеткізді (жаудың солдаты мен офицерін құртқан). Сол шайқастардағы ерлігі үшін Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Одан кейінгі ұрыстары Солтүстік Кавказ майданының сапында жүргізді. 1943 жылдың тамыз айында қазақ мергені Рубахо Новороссийск маңына ұрысқа кірісті. Қыркүйек айында Новороссийск қаласын азат ету ұрыстарына қатысып, Новороссийск плацдармына десант боп түсірілді.

1943 жылдың 9 қыркүйегінде Ерекше Теңіз-жаяу әскер батальонының мергені старшина Филипп Рубахо Новорроссийск плацдармына шабуыл кезінде алғашқы боп жағаға шығып, жаудың екі дзотының үнін өшірді. Және қоян-қолтық ұрыс кезінде жаудың үш солдатын жойды.

Қазақтың қайсар ұлы 14-ші қыркүйекте Новороссийск плацдармын ұстап тұру ұрыстары кезінде, зеңбірек снарядның жарқыншағынан басынан ауыр жараланады.

Ұрыс даласынан катермен оны жағаға алып шығып, Сочи қаласындағы әскери госпитальға жеткізеді.
Бірақ келесі күні, 15-ші қыркүйекте алған жарақатынан Сочидегі госпитальде қайтыс болады.

Краснодар аймағы, Сочи қаласындағы Завокзальный бауырластар зиратына жерленген.

Өзінің снайперлік 1 жыл 3 ай кезеңінде старшина Ф. Я. Рубахо жаудың 346 солдаты мен офицерінің көзін жойып, немістің 8 дзоты мен 2 танксын құртқан.

1944 жылдың 22 қаңтарындағы ССРО Жоғары Кеңесі Президиумінің Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы соғыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін, старшина-снайпер Ф.Я.Рубахоға өлгеннен кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді. Және Ленин орденімен қоса марапатталды.

Өзінің аты-жөнін білмей кеткен, тек ұлтының қазақ екенін білген, жастайынан жетім қап, орыс арасында өскен Филипп Жақыпұлының өмірі жұмбақ. Талай қазақтың баласының басынан кешірген тағдыры. Бірақ қанында қасқырлық бар қазақ баласы өзінің бөрілігін көрсетті.

Бауырлар, Сочи қаласында боп жатсаңыздар басына барып Құран оқып, дұға етіп кетіңіздер?!

Есбол Махисов

Ұсынған: Гүлім Жақан

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір