• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:39:32
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Атбасарда су тасқыны болуы мүмкін

Аудандық бюджеттен 57.3 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі су тасқынына байланысты Атбасар ауданында алдын-алу шараларын жүргізуге кірісті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов баспасөз турында айтты.

Атбасар – су басу қаупі аса жоғары аудан. Мұндағы Жабай өзенінің бассейніндегі топырақтың көктемгі ылғалдылығы әдеттегі нормадан асып түседі. Сондай-ақ, бірнеше жылғы бақылаудың нәтижесінде, наурыз және сәуір айларында тәулігіне бір айлық жауын-шашынның деңгейі түсуі мүмкін.

Атбасар

Бүгінге су тасуының алдын алу мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде. Аудандық бюджеттен 57.3 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Атбасар ауданындағы елді-мекендерді инженерлік қорғаудың кестесіне сәйкес, Новосельское, Покровка, Полтавка сияқты ауылдарда су тасуының алдын алуға байланысты түрлі шаралар жүргізілген. Ал өзге ауылдық округтарда жұмыстар ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін аяқталады деп жоспарланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір